Абай-дана, Абай-дара! - Өскемен қаласы әкімдігінің "Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі https://16-oskemen.mektebi.kz/ ru Абай-дана, Абай-дара! - Өскемен қаласы әкімдігінің "Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі DataLife Engine Абай https://16-oskemen.mektebi.kz/abaj-ebekter-lem-mrasy/1134-abaj.html https://16-oskemen.mektebi.kz/abaj-ebekter-lem-mrasy/1134-abaj.html https://www.instagram.com/reel/ChDDRI3q5lh/?utm_source=ig_web_copy_link​​​

]]>
https://www.instagram.com/reel/ChDDRI3q5lh/?utm_source=ig_web_copy_link​​​

]]>
admin Wed, 10 Aug 2022 00:17:46 +0600
10 тамыз Абай күні https://16-oskemen.mektebi.kz/main/1133-10-tamyz-abaj-kn.html https://16-oskemen.mektebi.kz/main/1133-10-tamyz-abaj-kn.html https://www.instagram.com/p/ChDDPANKfFo/?utm_source=ig_web_copy_link​​​]]> https://www.instagram.com/p/ChDDPANKfFo/?utm_source=ig_web_copy_link​​​]]> admin Wed, 10 Aug 2022 00:15:37 +0600 "Абай - әлем тілдерінде" атты челленджі https://16-oskemen.mektebi.kz/main/zhaalytar/820-abaj-lem-tldernde-atty-chellendzh.html https://16-oskemen.mektebi.kz/main/zhaalytar/820-abaj-lem-tldernde-atty-chellendzh.html

]]>

]]>
admin Wed, 11 Nov 2020 20:29:28 +0600
Өмірі мен шығармашылығының хронологиясы https://16-oskemen.mektebi.kz/abaj-ebekter-lem-mrasy/abaj-dana-abaj-dara/706-mr-men-shyarmashylyyny-hronologijasy.html https://16-oskemen.mektebi.kz/abaj-ebekter-lem-mrasy/abaj-dana-abaj-dara/706-mr-men-shyarmashylyyny-hronologijasy.html

АБАЙ (ИБРАҺИМ) ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН

 ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ХРОНОЛОГИЯСЫ 

1845 жыл 23 тамыз – Абай Құнанбайұлы бұрынғы Семей губерниясына қарасты Шыңғыс болысы Сырт Қасқабұлақта Құнанбай Өскенбайұлының отбасында дүниеге келді.
1852-1855 жылдары – Абай ауыл медресесінде оқиды.
1855 жыл – Абайдың 10 жасында тұңғыш өлең жазған.
1855-1859 жылдары – Абай Құнанбайұлы Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесінде оқиды.
1860 жылы – Абай Ділдә Түсіпқызына (Алшынбайдың немереқызы) (1843-1924) үйленеді.
1861 жылы – Абайдың тұңғыш баласы Ақылбай  (1861-1904) дүниеге келеді.
1862 жылы – Ділдәдән қызы Күлбадан (1862-1932) туған.
1865 жыл шілде айы – кезектен тыс болыстық сайлауда Күшік Тобықты болысына болыстыққа ағасы Құдайберді Құнанбаев, оған кандидат болып Абай сайланады.
1866 жылы сәуір айы – ағасы Құдайберді қайтыс болды.
1866 жылы – Құдайберді қайтыс болғаннан кейін Күшік Тобықты еліне болыстық қызмет атқарады. Осы жылы болыс болғандығын дәлелдейтін келесі архив деректері:
-       1866 жылы 11 маусым – Абай қол қойған Рапорт (архив дерегі: Омбы қаласына қазақ балаларын орысша оқыту үшін арнайы ашылған мектепке көпшілік ортасынан Баймұса Тәңірбердин деген баланы жіберу туралы).
-        1866 жылы 13 шілде – Абай Күшік Тобықты болысы ретінде «Дело об укочевании казахов рода Урус-Коржау Кучук Тобуклинской волости Куттукбаева и других в Байджигитовские волости» деген Рапорт жазған.
-        1866 жылы 29 қараша – Абай болыс ретінде Рапортқа қол қойған (архив дерегі: қазақ әйелі Кузенова жас баласымен Күшік Тобықты болысынан Миялы қыстағына көшкені туралы).
1866 жылы – Ділдәдән баласы Әкімбай (Хакімбай) (1866-1873) туады. 7 жасында қайтыс болған.
1866-1868 жылдары - Абай Күшік Тобықты болысының управителі болды.
1869 жылы – Абайдың оқымысты баласы Әбдірахман (1869-1895) дүниеге келді.
1870 жылы – Ділдәдән баласы Мағауия (1870-1904) туады.
1870 жылы – Абайдың інісі Халиолла (1849-1870) қайтыс болады
1871 жылы – Ділдәдән қызы Райхан (1871-1896) туған.
1872-1874 жылдары – Абай Күшік Тобықты болысына екінші рет болыс болды.
1873 жылы – әжесі Зере (1785-1873) дүние салады. Құнанбайдың ұйғаруымен Жидебай қыстауының қасына жерленген.
1874-75 жылдары – әкесі Құнанбай Өскенбайұлы (1804-1886) қажылық сапармен Меккеге барады.
1875 жылы – Абай Әйгерімге (шын есімі – Шүкіман) (1856-1919) үйленген.
 1876-1878 жылдары – Абай Қоңыр-Көкше еліне болыс болып сайланады.
1876 жылы – Қоңыр-Көкше елінің статистикалық мәлімдемелерін көрсетіп, болыс ретінде қол қойған.
1876 жылы 6 желтоқсан – Семей уезі болыстары орыс-түрік соғысына байланысты қазақ елін патша үкіметіне қаржылай көмек беруге, моральдық жағынан қолдау көрсетуге Үндеу жазған. Абай Қоңыр-Көкше елінің болысы ретінде қол қойған.
1876 жылы – Абай «ІІІ-ші разрядты кафтанмен» марапатталады.
1876 жылы 21 қыркүйек - Үзікбай Бөрібаевтың жалған арызымен Абайдың үстінен Семейдің ұлықтары тергеу ісін қозғайды.
1876 жылы – Әйгерімнен тұңғыш баласы Турағұл (1876-1934) дүниеге келеді.
1855-1881 жылдары – 9 өлең жазады (біреуі аударма).
1881 жылы – тұңғыш немересі Әубәкір (1881-1934) дүниеге келеді.
1883 жылы 27 сәуірде – Ү.Бөрібаев Абайға нақақтан жала жапқанын тергеуде мойындайды.
1884 жылы 27 тамызда – Семейдің уездік соты Маковецкий сегіз жылға созылған Абайдың «қылмысты» ісін қысқартады. Бұл істе Абайды ақтап 700 кісі куәлік берген. Ү.Бөрібаевтің арызымен басталған іс аяқталады, бірақ арыз жазушы заң бойынша жазаға тартылмай қалады.
1884 жылы – Әйгерімнен екінші баласы Мекайыл (1884-1931) дүниеге келеді.
1882-1885 жылдары – «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңдерін жазады және Лермонтовтан 2 аудармажасайды.
1885 жылы мамыр айы – Семей губерниясына қарасты бес ояздың би-болыстары, ел билеуші ақсақалдары бас қосқан Қарамола жәрмеңкесінде төтенше съезі өтеді. Осы съезде Абай төте би болып сайланады да, үш күн, үш түн Абай жазған қазақтың жаңа заң Ережесі (74 бап) қабылданады. Съезді Семейдің генерал-губернаторы, генерал Цеклинский басқарған. Бұл съезде Абай би емес, Шыңғыс болысының «Құрметті қазағы» ретінде шақырылған. Бұған аталған съезд қабылдаған Ереженің соңына жазылған тізімдегі Абайдың аты-жөні дәлел болады. «Құрметті қазақ» - жергілікті әкімшілік тарапынан ұсынылып, Дала генерал-губернаторы бекітетін атақ-дәреже.
1885 жылы 21 маусым –  Дала генерал-губернаторының канцеляриясын басқарушы В.Лосевский «О прекращении следствия над волостным управителем Кунанбаевым и Аюбаева и преданий суду киргиза Буробаева за ложный донос» деген баяндама жасайды.
1885 жылы шілде-тамыз айлары – Шыңғыс тауындағы Абай ауылына ақынның орыс досы, саяси жер аударылған Н.И.Долгополов келіп қайтады.
1885 жылы тамыз айы – Абай Н.И.Долгополов арқылы Семейдің өлкетану музейіне жәдігерлер тапсырады.
1886 жылы 4 мамыр – Семейдің статистикалық комитетіне, досы Михаэлистің ұсынуымен,  Абай мүше болып сайланады.
1886 жылы – Абайдың 17 өлең жазған жемісті жылы болады.
1886 жылы – әкесі Құнанбай Өскенбайұлы қайтыс болады.
1887 жылы – анасы Ұлжан (1810-1887) дүние салады.
1887 жылы – «Масғұт» поэмасын жазады.
1887 жылы 26 сәуір – Семей қаласының бастауыш білім қамқоршылар қоғамы ашылады. Осы қоғамға Абай мүше болып кіреді.
1887-1889 жылдары – Абай Құнанбайұлы31 өлең жазады.
1887-1889 жылдары – А.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан 7 үзінді аударады және «Онегиннің өлердегі сөзі» атты өлеңін жазады.
1889 жылы – ақынның «Күлембайға», «Жаз» деген өлеңдері «Дала уалаяты» газетінде ақын Көкбайдың атымен  жарияланды. Бірінші өлеңін 1888 жылы Ақшатауда болыс сайлауында Күлембайды сынап жазған. Екінші өлеңі 1886 жылы  аулы Бақанас өзенінде қонып жатқанда жазған.
1890 жылы –9 өлең жазады.
1890 жылы – Абай аңшы мылтығымен марапатталады.
1891 жылы – Абай 9 өлең жазады
1892 жылы – інісі Оспан (1852-1892) қайтыс болады. Абай інісі Оспанға арнап «Жайнаған туың жығылмай», «Кешегі Оспан» атты өлеңдер жазған.
1892- 1893 жылдары – 11 өлең мен 6 аударма жасайды.
1893 жылы – Абай Құнанбайұлы 3 жылға болыстыққа сайланады.«Приказ Г. Военного Губернатора Семипалатинской области Сентября 11-го 1893 года №55. Утверждается в должности по выбору общества на трехлетие с 1893 по 1896 год. ІІІ. Чингизской, волостного Управителя – Ибрагим Кунанбаев, кандидата по нем – Азимбай Танырбердин...».
Турағұл естелігінен: «1893 жылы сайлауда, баяғы Оразбай мен Күнту тағы да бірі Бұғылыға, бірі Мұқырға шығып, қалған елді өзің ие болып қайырып алмасаң болмайды деп халық ақсақалдары менің әкемді болыстыққа сайлаған».
1894 жылы – 13 өлең жазады (2-і аударма).
1894 жылы – Абай Еркежан Ибаққызына (1858-1927) үйленеді.
1893-1894 жылдары – Семей қаласының бастауыш білім қамқоршылар қоғамына мүшелік жарна төлегені туралы архив дерегі сақталған. Абай мен балалары Ақылбай, Мағауия жарна төлеген. 
1895 жылы – Әйгерімнен үшінші баласы Ізкәйіл (Зікеш) (1895-1929) дүниеге келеді.
1895 жылы 15 қарашада – Абайдың білімді, талантты баласы Әбдірахман 27 жасында Алматыда қайтыс болады, сүйегі елге әкелініп Ақшоқыға жерленеді. Оның қайғысы ақынға қатты батады, егіліп көп өлең жазған.
1895 жылы –18 өлең жазады (оның ішінде 10-ы Әбдірахманға арналған, 2-і аударма).
1896 жылы – Абай балалары Ақылбай, Турағұлмен фотосуретте түседі.
1896 жылы – ақын 16 өлең жазады (4-і аударма).
1896 жылы – Мағауияға жазған хатысақталған.
1897 жылы – Абай 13 өлең жазады(4-і аударма).
1898 жылы – Көшбике деген жердегі Мұқыр болысын сайлауда Оразбай Аққұлы баласы Жігітек, Мырза-Жөкең ру басылары: Әзберген, Бейсенбі, Бұланбай, Әбендерді ұйымдастырып Абайдың өміріне қастық істейді. Бірақ Кәкітай, Уәйіс, Аппас деген жақын-дос адамдары ара түсіп қорғап қалады. Осыдан соң ақын өле-өлгенше ел жұмысына араласпайды да бұрынғы араздықпен өзіне қастық істеткен адамдарымен татуласады. Көбі ақынның кешірімін алады.
1898 жылы –ақын 26 өлең жазады (18-і аударма: 4-і Лермонтовтан, 14-і Крыловтан).
1890-1898 жылдар арлығында ұлы ақын Ғақлия - Қарасөздерін жазады.
1899 жылы –10 өлең жазады (оның 3-і аудармалар).
1900 жылы –4 өлең жазады ( 2-і Лермонтовтан аударма).
1900 жылы – Абай Сенатқа хат жазады, 5 ақпанда Петербургке жіберіледі
1900-1902 жылдары – Абай «Ескендір» поэмасын жазады.
1901 жылы – Әйгерімнен қызы Кенже (1901-1932) дүниеге келеді.
1901 жылы – Абай Құнанбайұлы 5 өлең жазады.
1902 жылы –«Тоты құс түсті көбелек», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі асыл тас» - 3 өлең мен Лермонтовтан бір аударма жасайды.
1903 жылы 18 сәуірде – Семейдің соғыс губернаторы генерал Сухотиннің бұйрығымен Абайдың, Мағауия, Турағұлдың  үйлеріне тінту жүргізді.
1903 жылы – Абай балалары Мағауия, Турағұл; немерелері Әубәкір, Пәкизат; әйелі Еркежан және келіні Кәмәлиямен фотосуретте түседі.
1903 жылдың қыркүйек айы – Семей облысының Әскери Губернаторы генерал-майор Галкин «Секретно» деп Абай Құнанбайұлының өмір деректері мен қоғамдық қызметін көрсеткен хабарламаны Омбыдағы Дала Генерал Губернаторына жолдайды.
1903 жылы – атақты ғалым Семенов-Тяншанскийдің редакциясымен шыққан «Біздің Отанымыздың толық жаграфиялық баяны» деген орыс тіліндегі кітапта (204 бет) Абайдың аты жаңа әдебиеттің бастаушысы деп ерекше аталынды.
1903 жылы – «Жалын мен оттан жаралған» өлеңін жазады.
1882-1903 жылдар аралығында Абай «Масғұт» поэмасын жазады. «Әзім әңгімесі» поэмасының жазылған жылы белгісіз.
1904 жылы 14 мамырда - Абайдың зор үміт еткен екінші ұлы, ақын Мағауия қайтыс болады.
1904 жылы 23 маусымда – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы Балашақпақта дүние салады. Қыстауы Жидебайда жерленген.
1904 жылы 3 тамызда – Абайдың ақын баласы Ақылбай Семейде қайтыс болады. Қыстауы Тышқанда жерленген.
Соңғы жылдары ақынның табылған өлеңдер саны – 8.

admin Fri, 21 Feb 2020 11:52:07 +0600
Абай шығармалары шет тілінде https://16-oskemen.mektebi.kz/abaj-ebekter-lem-mrasy/abaj-dana-abaj-dara/719-abaj-shyarmalary-shet-tlnde.html https://16-oskemen.mektebi.kz/abaj-ebekter-lem-mrasy/abaj-dana-abaj-dara/719-abaj-shyarmalary-shet-tlnde.html М.ӘУЕЗОВ: АБАЙ (ПАРСЫ ТІЛІНДЕ)

АБАЙ: НАСИХАТ СӨЗДЕР (ӨЗБЕК ТІЛІНДЕ)

АБАЙ: ӨЛЕҢДЕР (ҚЫРҒЫЗ ТІЛІНДЕ)

М.ӘУЕЗОВ: АБАЙ (ӘЗЕРБАЙЖАН ТІЛІНДЕ)

М.ӘУЕЗОВ: АБАЙ ЖОЛЫ (ҚЫРҒЫЗ ТІЛІНДЕ)

АБАЙ МЕНИН ЭЛИМ (ҚЫРҒЫЗ ТІЛІНДЕ)

МҰХТАР ӘУЕЗОВ: АБАЙ (УРДУ ТІЛІНДЕ)

АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІ (ЛАТЫН ТІЛІНДЕ)

М.ӘУЕЗОВ: АБАЙ ЖОЛЫ (УКРАИН ТІЛІНДЕ)

ABAI KUNANBAYEV. SELECTED POEMS (АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ)
]]>
М.ӘУЕЗОВ: АБАЙ (ПАРСЫ ТІЛІНДЕ)

admin Fri, 21 Feb 2020 11:41:09 +0600
Ақынға арнап қойылған ескерткіштер https://16-oskemen.mektebi.kz/abaj-ebekter-lem-mrasy/abaj-dana-abaj-dara/717-ayna-arnap-ojylan-eskertkshter.html https://16-oskemen.mektebi.kz/abaj-ebekter-lem-mrasy/abaj-dana-abaj-dara/717-ayna-arnap-ojylan-eskertkshter.html Ескерткіштер
astana2Абай ескерткіші (Нұр-Сұлтан қ.)
Астана қаласында қоладан құйылған Абай мүсінінің биіктігі 3,5 метр. Қолына кітабын ұстаған Ұлы Абай, халқының болашағын зерделеп, алысқа барлай көз салады.
Ескерткіш авторлары – мүсінші Тоқтар Ермеков және сәулетші Нұрбек Айжанов.
Ашылған күні: 10 маусым 2000 ж.
astanaАбай ескерткіші (Нұр-Сұлтан қ.)
Елорданың ескі қалашығының Орталық алаңына таяу орнатылған. Абайдың еңселі ескерткіші 7 метрлік тұғырда бой көтерді. Абай мүсінінің биіктігі - 7,5 метр.
Жоба авторы – алматылық мүсінші Болат Досжанов.
Ашылған күні: 19 маусым 2010 ж.
Abai 06Абай ескерткіші (Алматы қаласы, Жетісу ауданы)

 Ескерткіш-бюст авторы: Тілеуберді Бинашев.
Ашылған уақыты: 6 ақпан 2020 жыл.
almatyРеспублика сарайы алдында Абай атындағы алаңға қойылған ескерткіш (Алматы қ.)
Ескерткішті Мүсінші Xәкімжан Наурызбаев қоладан құйған. Сәулетші И. И. Белоцерковский қызыл граниттен қалаған тұғыр жобасы ақын тұлғасын мазмұн жағынан байыта түседі.
Ескерткіштің тұтас биіктігі 13,7 м.
Ескерткіштің ашылуы: 1960 ж.
Abay metro stantion AlmatyМетроның «Абай» стансасындағы барельеф (Алматы қ.)
"Абай" стансасы 2011 жылы 1 желтоқсанда ашылды. Метро төрінде қола және «флоренция нақышында» орындалған Абай бейнесi бедерленген көркем панно орналасқан. Бедерлі композиция сәулет өнерімен үндесіп замана стиліне сай нақышталған. Абайдың қара сөздері, ой иiрiмдерi, ғибратты тәмсiлдерi көңiлiңiздi әр қиырға жетелеп, санаңызға серпiлiс әкеледi.    
kaznpu almatyАбай Құнанбаев мүсіні (Алматы қ.)
Абай атындағы ҚазҰПУ негізгі корпусы кіреберісіне орналасқан.
shymkentАбай ескерткіші (Шымкент қ.)
oskemenАбай ескерткіші (Өскемен қ.)
Қаланың Республика алаңында орнатылған.
Авторлар: мүсіншілер Ескен Сергебаев және Бақытжан Әбішев. Абай ескерткішін Қарағанды қаласындағы ҚР Суретшілер Одағының облыстық ұйымы әзірледі.
Ескеркіштің биіктігі – 5 метр 40 см. Басқыштары мен тұғыры – 7 метр 80 см. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 13 метр 20 см. Қола мүсіннің салмағы – 5 тонна.
Ашылған күні: 29 тамыз 2009 ж.
semeyАбай ескерткіші (Семей қ.)
Ескерткіш Абай алаңына орнатылған. Тұғырда Абайдың: «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған» деген сөзі жазылған.
Материалы – тас.
Авторлары: мүсінші Д.Г. Элбакидзе, сәулетші - Шингарев.
Ашылған күні: 1972 ж.
zhidebayАбай мұражайына кіреберістегі монумент (Жидебай ауылы, Абай ауданы, ШҚО)
karaul 
Абай ескерткіш-монументі (Қарауыл ауылы, Абай ауданы, ШҚО).
Ескерткіш Әкімшілік ғимараты алдындағы орталық алаңда орналасқан.
1971 жылы жасалған.
 
abai2019Абай ескерткіші (Самар ауылы, Көкпекті ауданы, ШҚО)
Ұлы ақынның атындағы орталық алаңда орнатылды.
Ескерткіштің биіктігі: тұғырымен қоса есептегенде 7 метр.
Авторы: мүсінші Әлібек Шоқанов.
Ашылған уақыты: 23 тамыз 2019 жыл.
kunanbai karkaralinskАға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлы мен Абай Құнанбаевқа арналып ескерткіш (Қарағанды облысы, Қарқаралы қ.)

Ескерткіштің биіктігі – 4 метр. Мүсін таза мыстан жасалған. 
Ескерткіш мешіт жанында орнатылған. Алла үйін 1851 жылы Қарқаралы уезінің аға сұлтаны болған Құнанбай Өскенбайұлы салған.

Мүсіндік композицияның авторы — Сәкен Дәулетбаев. Оның ойынша, ескерткіш медреседен үйге оралған жас Абайды әкесі қарсы алған сәтін бейнелейді.

Ашылған уақыты: 29 мамыр 2019 жыл.
Abai zereАбайдың әжесі Зереге орнатылған ескерткіш (Шығыс Қазақстан облысы, Қалбатау ауылы)
Ескерткіш авторы: Ертіс Тәти
Ашылған уақыты: 17 тамыз, 2016 ж.
 
abaiТараз төрінде Абай ескерткіші орын тепті. Бұл - Шығыс Қазақстан елінің қазақ хандығының 550 жылдығына, ұлы Абайдың туғанына 170 жыл толуына арнап жыр алыбы Жамбыл жеріне арнаған сый-тартуы.
Мүсінші – Гайсин Евгений Ирданович
Биіктігі – 6,6 м.
tarazАбай Құнанбаев ескерткіші (Тараз қ).
oralАбай ескерткіші (Орал қ.)
Қаланың орталық алаңында орнатылған. Граниттен жасалып, Классикалық үлгіде орындалған тұғырда бой көтерген.
Авторы: ҚР суретшілер Одағының мүшесі, алматылық мүсінші Нұрлан Далбай.
Ашылған күні: 27 тамыз 2002 ж.
 
Abay-oralАбай бюсті (Орал қ.)
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеттің алдында орналасқан.
gorod Abay Karagandinskaya oblАбай ескерткіші (Абай қ., Қарағанды облысы)
shahtinskАбай ескерткіші (Шахтинск қ., Қарағанды облысы)
karagandy abai Абай ескерткіші («Шалқыма» концерт залындағы гүлзар, Қарағанды қаласы).
Ескерткіш Қазақстан суретшілер Одағының Қарағанды облыстық ұйымының көркем-өндіріс комбинатында құйылған.
Материалы: қола, гранит.
Авторы: мүсінші А.Нартов, суретші Е.Шахиев. Ескерткіштің биіктігі - 9,9 м.
Ашылған күні: желтоқсан 2008 ж.
 
monument BaykonurАбай Құнанбаев монументі (Байқоңыр қ., Қызылорда облысы)
abai aktau  Абай ескерткіші (Ақтау қ.)
"Абай" атындағы мәдени демалыс кешенінің алдына орнатылды.
Биіктігі 5 метр, ені 3,3х3,6
Авторы: мүсінші Багдаулет Еркинбеков.
Ашылған уақыты: 15 желтоқсан 2018 жыл.
petropavl Абай мен Пушкин ескерткіші (Петропавл қ.)
2006 жыл Қазақстанда Пушкин жылы, ал Ресейде Абай жылы деп жарияланды. Тәуелсіздік күні Петропавл қазақ ақыны Абай Құнанбаев пен орыс ақыны Александр Пушкинге ескерткіш ашылды. Абай-Пушкин композициясы екі халықтың достығын паш етеді. Символикалық тіршілік ағашымен жалғасқан Абай мен Пушкин композициясының биіктігі 5,2 метр, осы тұлғалардың өмір сүрген дәуірлерін бөліп, сонымен бірге мәңгілік символы ретінде біріктіріп тұр.
Авторлар: мүсінші К. Сатыбалдин, сәулетші С. Баймагамбетов және В. Затай.
abai stepnogorskАбай ескерткіші (Степногорск қ.)
Ашылған уақыты: 1979 ж.
 moskva Абай ескерткіші (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы)Қазақстан Елшілігі маңайына қойылған.
Авторлық ұжым: мүсінші Марат Айнеков, дизайнер Тимур Сулейменов, суретші Эдуард Дробицкий, сәулетші Вячеслав Романенко.
Мекен-жайы: Чистопрудный бульвары, үй. 12С1..
Салынған уақыты: 2006 ж.
tashkent posolstvoАбай ескерткіші (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы).
Қазақ ақыны Абай ескерткіші мен Ташкенттегі Қазақстан Елшілігінің жаңа ғимаратын президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Каримов ашты. Абай ескерткішінің авторлары белгілі қазақ мүсіншісі Нұрлан Далбай және сәулетші Расул Сатыбалдиев. Авторлар ақын бейнесі арқылы бүкіл қазақ халқының дархан көңілі мен ұлы ойшылдың дана тұлғасын сомдаған. Ескерткіштің биіктігі – 9,2 метр.
Ашылған күні: 15 маусым 2013 ж.
abay_budapestАбай ескерткіші (Будапешт қ., Венгрия)
Ақын мүсіні Будапешттегі Астана көшесінде бой көтерді.
Ескерткіш Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Венгрияға ресми сапары барысында ашылды.
Делегация құрамында Шығыс Қазақстан облысының өкілдері де болды.
Мүсін қоладан жасалған, оның биіктігі 1070 мм, ені - 900 мм.
Ашылған күні: маусым 2014 ж.
pekinАбай ескерткіші (Пекин қ., Қытай Халық Республикасы).
Қытай астанасының орталығындағы "Чаоян" саябағында орнатылған. Ескерткіш ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Қытайға сапары аясында ашылды. Министр қазақ халқының ұлы ақынына ескерткіш қою идеясының бастамашысы Қазақстан Елшілігіне алғыс білдірді.
Мүсін авторы, сәулетші Юань Сикунь.
Ашылған күні: 19 наурыз 2014 ж.
bust tegeranАбай мүсіні (Тегеран қ. Иран Ислам Республикасы).
Ұлттық кітапханаға кіреберіс аллеяда орнатылған.
Ашылған күні: 15 қазан 2007 ж.
Abai azerbaizhanАбай бюсті. (Баку қ., Әзербайжан, 2011 ж.) Баку мемлекеттік университетінде Абай Құнанбайұлы атындағы орталық ашылып, сол жерге ұлы ойшылдың бюсті қойылды.
abai bakuАбайдың мемориалдық тақтасы (Баку қ., Әжірбайжан, 2000 ж.)
Abai fransiaАбай ескерткіші (Франция, Ренн қ. 2016 ж.)
Abai mysyrАбайдың бюсты (Мысыр, Каир қ., 2016 ж.)
Мүсін авторы: мысырдың танымал мүсіншісі Усама әл-Серуи
Бюстке қаражатты мысырлық меценат Хусейн әл-Шафии шығарған.
Abai ankaraАбай ескерткіші. (Түркия, Анкара, 2019 ж.)
]]>
Ескерткіштер

admin Thu, 20 Feb 2020 21:48:40 +0600
Абай қолтаңбасы https://16-oskemen.mektebi.kz/abaj-ebekter-lem-mrasy/abaj-dana-abaj-dara/705-abaj-oltabasy.html https://16-oskemen.mektebi.kz/abaj-ebekter-lem-mrasy/abaj-dana-abaj-dara/705-abaj-oltabasy.html

         Абайдың болыс болғандығы туралы деректер жетерлік. Енді осыған тереңірек үңілсек, ойлы оқырманға қызықты біраз мәліметті көреміз. Мысалы, хәкімнің құжаттарға қолған қолы. Абай өз қолын қандай іске және қандай құжаттарға қойды? Бұл құжаттардың ақын өмірімен қандай байланысы бар? Міне, осындай салмақты сұрақтарға ізденіс жасап көрсек...

Болыс Абайдың 1876 жылы қойған қолы

 биржан

Болыс Абайдың 1876 жылы қойған қолы

         Абайдың қол қоюйына қатысты деректердің бірі: «Дело об откочевке казачки Кузеновой с сыном Кучук-Тобыктинской волости», – деп аталатын істе кездеседі. Іс 1866 жылдың 31 қазанында жүргізілген. Осы істе Сергиополь ішкі округтік приказына Абайдың атынан рапорт жазылыпты. Рапорттың басында: «Күшік-Тобықты болысының управителінен рапорт», – деп жазылған да, мынадай мазмұндағы қатынас қағаз толтырылған: «Бөкенші руының старшинасы А.Алшынбаев түсіндіруі бойынша жесір әйел Жаныс Күзенова өз ұлы Қожбақпен Абақкерейге кеткен. Ол әйелдің туыстары – Сапақов», – деп жазған. Қатынас қағаздың аяғына: «И.Кунанбаев», – деп орысша қол қойған. Бұл жерде Күзенованың Абақкерейден өз руластары арасына қайта көшіп келуі туралы сөз болып отыр. Орыс кеңсесіне берілген қазақ әйелі Күзенованың арызын анықтау үшін оны Күшік-тобықты елінің болысы (управителі) Абай Құнанбаевқа жіберген. Абай қайтадан жауап рапорт жазған да, астына қол қойған.
Абайдың бұдан кейінгі екінші қолы 1876 жылы Қоңыр-Көкше еліне болыс болған кезде орысша жазған мәліметте кездеседі. Онда: «Ибр. Кунанбаев», – деп сауатты да сұлу түрде қол қойылады. Ал арабша қойған қолы 1876 жылы орыс-түрік соғысы кезінде орыс әскерлеріне ат, көлік, үй, тамақ, ақша беру туралы жазылған шақыру хатта бар.
        1875 жылы Абай отыз жаста. Осы жылы Қоңыр-Көкше Тобықты еліне болыстың управителі болып сайланған. Абайдың қолымен облыстық басқармаға өзі басқарып отырған болыстың жай-күйін баяндайтын статистикалық мәліметтер жіберіліп отырыпты. Оқып отырғанда сол заманның өзін көргендей әсер береді: «1876 жылдың аяғында болыста 4163 еркек, 3393 әйел болды. Қыстайтын жерлер саны – 1004, оның 469 жылқы, кірпіштен қаланған қыстауларда, 535-і киіз үйде қыстайды. Болыста 900 түйе, 4500 жылқы, 1350 ірі қара мал, 30150 қой ешкі болды...», - деп жаза келіп, одан қанша төл алынды, қыста өлгені, тамақ үшін пайдаланғаны т.б көрсетіледі де, болыстағы егін шаруашылығының жайын баяндайды: «19 шаңырақ егін шаруашылығымен шұғылданды. Суарылатын егіндік жерге қара бидай мен бидай 20 қап, тары мен сұлы 8 қап себіліп, одан 13 қап қара бидай мен бидай, 24 қап сұлу өнімі алынды. Суару жүйесі Мұқыр, Тақыр өзендеріне салынды, бір су тиірмен болды. Бұл болыстың адамдары өздеріне керекті 2104 қап астықты Семейден сатып алды». Бұл мәліметтерді өз қолымен жазып отырған Абай елдің әлеуметтік-экономикалық хал-жайын: мал, егін шаруашылығын, елдің әлі де жартылай көшпелі, жартылай отырықшы күйде қалып отырғанын терең сезінді.
        Бұрынырақта қазақ сахарасында дала заңы үстемдік құрды. Мысалы, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деген қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет-ғұрыптық заң ережелерін білеміз. Сол секілді 1885 жылдары Қарамола съезінде Абай қазақ елінің әдет-салтын жете зерттей отырып, заң ережелерін жасауға белсене қатысады. Абай съезде төбе би сайланып, оған заң ережесін жасау тапсырылған болатын. Аталған заң ереже 1886 жылы генерал-губернатордың бұйрығымен Қазан қаласында басылып шығады. Кіріспе бөлімінде: «Семипалат облысының бес дуанының барша халқының сайланмыш адамдарының 1885 жылында май айында Шар бойында Қарамола съезінде жасалмыш ережелер», – деп жазылған. 74 баптан тұратын Ережені талқылап, қол қойып, бекіткендердің ішінде Семей облысынан Ибраһим Құнанбаев, Жұмақан Жарқынбаев, Айтқазы Жексенайұлы, Сүйіндік Шақабайұлы бар. Ғұлама ақынның басшылығымен жасалған бұл ережеде адамның бостандығы, қоғамды демократиялық бағытқа жетелеуі ерекше көзге түседі. Бекітілген бұл заңды қазақ елінде жүзеге асыру ісіне де Абай сүбелі үлес қосқан.

 бб

Абайдың Мағауияға жазған хаты

Абайдың қолтаңбасы туралы тағы бір дерек 1896 жылы ақынның өз ұлы Мағауияға жазған хатында бар. Бұл хатты семейлік ғалым Амантай Исин Абай музейінің сирек қорынан тауып алған-ды. Хат туралы мақала «Сүйінші!» деген айдармен кезінде «Абай» журналында жарияланған еді (1997, №4). Семейден қырдағы Мағауияға жолданған хаттың өзгеше құнды болатыны – Абай оны өз қолымен қадымша қарпімен жазғанында. Хаттың қазақша мазмұны төмендегідей:
«Дұғай сәлем ғизатлу уә һәм хүрматлу Мағашқа жетіп мағлұм болсын-ки. Үй ішіне менен дұғай сәлем. Әлгі малды Бәкеңнен айдатып жібер... Ақылбай бірге келсін. Мұндағы істер жақсы жүріп жатыр. Шаһкәрімге һәм сәлем айтыңдар, ол да келсін.
Ой жүгіртіп қарашы Мағаш бала,
Сан дегенің тоғыз-ақ; бірден сана.
Нөлді ертпесе бұлар да қысырайды,
Единица сыфат деп біл тек қана.
Көп білгенге көп надан болады қас,
Маужуд пенен мансухты ол айырмас.
Бәйтерек те күндейді көлеңкесін,
Байқап тұрсаң осы жұрт соған ұқсас.
Үшбу сөзді зейін қойып оқы һәм солай істе, шырағым. Амандықта ағаңыз Абай. Семей 1896 жылдың ...»
Бұл өлеңнің өзі Абайдың пайым, толғам өзгерісі, ақынның (әкесінің) өз рухани тіректерін іздеуі сияқты, ұлы Мағауияға деген ыстық сезімін, сенімін айғақтайды. Оның Мағауияға: «Үшбу сөзді зейін қойып оқы һәм солай істе, шырағым», – деген сөзінен ыстық жүректі әкенің ерекше мейірімін аңғарамыз. Хат туралы А.Исин былай деп пікір жазған: «Жүз жыл өтіп, жұртшылыққа жаңа таныс болып отырған Абай хаты – халқымыз үшін баға жетпес мәдени мұра. Абай мұраты, Абай арманы, Абай өлеңі, Абай мейірімі – бәрі де осында, бәрі бар, жоғы менмұндалап, үні естіліп, түсі көрініп, исі жұпарланып тұр. Хаттағы Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия сынды тарихи тұлғалардың да өмір белестері осы ат арқылы танылады» («Абай» №4, 974-бет).
Түйін: Жоғарыдағы деректерге сүйенсек, Абай ел басқару ісіне 20-21 жасынан бастап-ақ қатысса керек. Әкесі Құнанбай медреседегі оқуын аяқтатпай, 14-15 жасар Абайды елге қайтарып алып, ел басқару жұмысына баулығанда, осы мақсатты көздегені анық. Әке тәрбиесінде 4-5 жыл жүрген Абай сол 20-21 жас шамасында-ақ Күшік-Тобықты еліне болыс болған. Одан кейін ақын ел арасында жүріп әлеуметтік, саяси мәселелерді шешуде әбден шыңдалады. Қырықтан асқан шағында Еуропа мен Шығыс мәдениетін жан-жақты зерделеп, жіті танысқан Абай көзі ашық, көкірегі ояу халық қамын ойлайтын тұлғаға айналды. Қазақты ағарту жолында тынбай еңбек еткен хәкімнің дара жолы бүгінгі жас ұрпаққа үлгі. Алты алашқа, тіпті адамзат баласына парасат биігінен үн қатып, ақыл айтқан Абайдың әрбір ісі – қай заманда да маңызын жоймақ емес. Оның өлеңі ұлтымыз үшін қандай касиетті болса, қоғамдағы қызметі де сондай деңгейде насихатталуы заңдылық. Ендеше, «Мыңмен жалғыз алысқан» сөз зергерінің сан қатпарлы ғұмырын ақылға салып, таразылап, болашаққа ұрпаққа саф таза күйінде жеткізу – біздің айнымас борышымыз.

admin Thu, 20 Feb 2020 13:15:59 +0600
Абай шығармаларының тұңғыш жинағы https://16-oskemen.mektebi.kz/abaj-ebekter-lem-mrasy/abaj-dana-abaj-dara/682-abaj-shyarmalaryny-tysh-zhinay.html https://16-oskemen.mektebi.kz/abaj-ebekter-lem-mrasy/abaj-dana-abaj-dara/682-abaj-shyarmalaryny-tysh-zhinay.html АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ЖИНАҒЫ

      Ұлы ақын өлеңдері Абайдың көзі тірісінде халық арасында жатталып, кеңінен таралып ауыз әдебиетінің жауһарына айналып үлгерді. М.Әуезовтің «қазақ ортасында Абайдың шығармаларын сүйіп, сүйсініп оқып, ұзатылар кезінде Мүрсейіт, Самарбай, Дайырбай сияқты көшірушілерге жаздырып алып, өздерінің жасау сандығына салып алып кеткен бір топ қыздарды білеміз», – деген сөздері ақын шығармаларының қолжазба түрінде де көшіріліп таралғанын айғақтайды.
      Ақынның көзі тірісінде баспа арқылы жарияланған бірнеше өлеңдерін білеміз. Солардың бірі «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат деген» өлеңін Жүсіпбек Шайықсіләмұлы деген адам Абайдың атын көрсетпестен бастырған. Ол жайында М.Әуезов «Ол адам баспахана иесі байға сәлем хат жазғанда:
Бізләргә ойын арзан, күлкі қымбат,
Нәрсе ғой екі түрлі сыр мен сымбат, –
деп тұрып, Абайдың ұзақ көркем өлеңін түгелімен көпе-көрнеу, әдебиет ұрысы ретінде жазып жіберген. Өз сөзі етіп бастырып та шығарған», – деп жазады.
      Мұнан өзге 1886 жылы «Дала уәлаяты» газетіне Көкбайдың атынан «Жаз», «Болыс болдым мінеки» өлеңдері басылып шығады. Ал осы газеттің 1889 жылғы 7-санында «Жаздыкүн шілде болғанда» өлеңі «Семей оязы, Шыңғыс елінің қазағы Ибраһим Құнанбай аулының Көпбейіт деген жерге қонып жатқандағы түрі» деген тақырыппен басылады.

    Абай Құнанбайұлы шығармаларының алғашқы жинағы. 1909 жыл

        Абай шығармаларының толық жинағы тек ақын дүние салғаннан кейін ғана жарыққа шығады. Ақын өлеңдерін, қарасөздерін жинақтап бастыру сынды күрделі де, маңызды іспен інісі Кәкітай мен баласы Турағұл айналысады. Бұл бастаманың күрделігі сонда, ақын көзі тірісінде өз шығармаларын кітап түрінде жинақтамаған, көпшілік өлеңдері ел аузында жатталып, ал қолжазба ретінде жазылған нұсқалары толық сақталмаған еді. Сондықтан  кітап етіп баспадан шығару келер ұрпаққа Абай мұрасын аманат ретінде қастерлеп жеткізумен маңызды болды.
Ел ішінен тірнектеп жиған ұлы ақын мұрасын реттеп қағаз бетіне түсіруді Кәкітай Ысқақұлы Мүрсейіт моллаға тапсырады. Мүрсейіт Абай ауылында бала оқытқан, ақынның тапсыруымен өлеңдерін жазып алып отырған адам. Жинақталған өлеңдер саны 5 дәптерге жеткен. Жоғарыда атап кеткендей, Абай өлеңдеріне сұрау салған адамдарға да көшіріп беріп отырған. Жалпы Мүрсейіт қолжазбалары халықты ақын шығармашылығымен таныстыратын негізгі нұсқа болып табылады.

Абай Құнанбайұлы шығармалары. Санкт-Петербург, 1909 жыл 

Абай мұрасының адамзат өркениеті тарихындағы телегей-теңіз, теңдесі жоқ қадір-қасиетіне Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның «Абай кітабына» өлең жолдары сөзсіз бағасын береді. 
 Күніне жүз оқысаң жалықпайсың,
 Көз талды, шаршадым деп талықпайсың,
 Бір сөзін бір сөзінен артық көріп,
 Құмақ боп қайта-қайта анықтайсың.
 
 Бойды ертіп, буынды алып мағынасы,
 Тұрғанда оған нағып қамықпайсың.
 Сөзі рас, сөзі таза, сөзі асыл,
 Көңілге бір жері жоқ жабыспайтын.
 
 Қазақта мұнан артық сөз шыққан жоқ.
 Бағалап, мынау не деп нар ұстайтын.
 Жазушы заман түспей өтіп кетті.
 Ер ме еді бостандыққа жабыспайтын!
 
 Зиянды нәрселерден айырам деп,
 Майданда тұрып алып алыспайтын.
 Жол тауып, жоба тауып, жолдас тауып,
 Халқының жоғын іздеп табыспайтын.
 
 Есіл ер бұ заманда болмады-ау деп,
 Қазақта қабырға жоқ қайыспайтын.
(Уақ, 1914ж 23 аусымда Орынборда«Қазақ» газетінің №67 санында басылған)
Абай өлеңдері баспадан жариялау жұмыстары қалай жүргізілгені жайында Әрхам Кәкітайұлы өз естелігінде: «1906 жылы жаз шығып киіз үй тіккенде Кәкітай Абылайша қос тіккізіп, Мүрсейіт молланы шақыртып алып: «Сен мына біз жинаған Абай өлеңдерін реттеп жаз», – деп оңаша қосқа отырғызады. Мүрсейіт асықпайтын, одан кейін бір жағына ақ тастап қайта көшіртіп, бір ай шамасында дайындатып алып Кәкітай Семейге өзі алып жүрді. Жол расхотына сатуға екі семіз ат, екі семіз түйе әкетті. Петербург, Ленинградтағы баспаханалармен шарт жасастым. Тез екі жүз сом ақша перевот ет», – деген. Айтқанындай екі жүз сом жібердік. Кәкітай бір айда қайта оралды. Корректорлық міндетін өз мойнына алатын болыпты, Ленинградтағы баспахана бір баспа табақ қағазға басып, Семейдегі Әнияр үйіне жіберіп тұратын болды. Әнияр Кәкітайға жеткізіп тұрды. Кәкітай оның қатесін түзеп қайта Ленинградқа жіберетін болды. Осындай сергелдеңмен жүріп Абайдың бірінші өлең жинағы 1909 жылы яғни үш жылда зорға жарыққа шықты. Абайдың өмірбаянын қысқаша ғып Кәкітай өзі жазды», – деп баяндайды.
 Кәкітайдың осы алғашқы жинақты шығарудағы еңбегін «Абайдың баспаға шығуында тарихтық, бірінші зор еңбек етуші – Кәкітай дейміз», - деп заңғар жазушы М.Әуезов өз бағасын береді. Осылайша, Абайдың алғашқы жинағы 1909 жылы Санкт-Петербургтегі Ілияс Бораганский  баспаханасында басылып шықты. Ол Петербургте бірінші мұсылман баспаханасын ұйымдастырушы, хұсни хат өнерінің шебері. 1882 жылы Петербургте мұсылман баспаханасын ашуға рұқсат алып, орыс, араб, парсы, түрік тілдерінде кітап басу жұмыстарымен айналысқан. Аталмыш жинақта «Халық туралы», «Өлең туралы», «Өзі туралы», «Ғашықтық туралы», «Ой туралы», «Насихат туралы», «Замандастар туралы», «Сегіз аяқ», «Сұлу ұрғашы туралы», «Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Қыс», «Аңшылық туралы» деген атаулармен өлеңдері, «Переводтар» атауымен 41 аударма өлеңі, «Әңгіме Масғұт», «Ескендір әңгімесі» дастандары және кітап соңында Кәкітай жазған Абайдың өмірбаяны мен фотосуреті берілген. Жалпы жинақта 145 өлең, 2 дастан басылған.

Мүрсейіт Бікеұлы көшірген Абай өлеңі. Абай шығармалары. 1905 жыл.

         Қазіргі уақытта Абай музейі қорында Мүрсейіт көшірген Абай өлеңдері жазылған дәптердің фото-көшірмесі, 1909 жылы жарық көрген кітап және оның фото-көшірмесі сақталған. Сонымен бірге Абай шығармаларының 1909 жылғы араб әрпімен басылған баспасының аудармасын жасаған Ахат Шәкәрімұлының және Тауфиқ Досаевтың (Шәкәрімнің жиені) қолжазбалары, жинақтың факсимильді басылымы бар.
                                                                                                                                     М.Абламбаева,
                                                                                                                       Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік
                                                                                                                       қорық-музейінің бас қор сақтаушысы.
]]>
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ЖИНАҒЫ

admin Wed, 19 Feb 2020 14:38:54 +0600
Абай-ақыл-ойдың алыбы https://16-oskemen.mektebi.kz/abaj-ebekter-lem-mrasy/abaj-dana-abaj-dara/608-abaj-ayl-ojdy-alyby.html https://16-oskemen.mektebi.kz/abaj-ebekter-lem-mrasy/abaj-dana-abaj-dara/608-abaj-ayl-ojdy-alyby.html

]]>

]]>
admin Sun, 16 Feb 2020 19:56:36 +0600
Абай-ұлы тұлға https://16-oskemen.mektebi.kz/abaj-ebekter-lem-mrasy/abaj-dana-abaj-dara/607-abaj-ly-tla.html https://16-oskemen.mektebi.kz/abaj-ebekter-lem-mrasy/abaj-dana-abaj-dara/607-abaj-ly-tla.html

]]>

]]>
admin Sun, 16 Feb 2020 19:54:20 +0600