Абай Құнанбайұлына хат » Өскемен қаласы әкімдігінің "Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 60-89-15
Есепші бөлімі:
+7(7232) 60-88-54
Кезекші бөлімі:
+7(7232) 75-19-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
ақпан
2020

Абай Құнанбайұлына хат

Құрметті Абай атамыз!

      Сізге Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласынан 8 «А» сынып оқушысы Бегимова Венера хат жазып отыр. Біздің қала, сіз туған Семей қаласынан,алыс емес.

    Мен үлкен қызығушылықпен сіздің өмірбаяныңызбен, жұмысыңызбен таныстым. Мен бұл мәлеметтерді мектепте қазақ, орыс тілі және әдебиет сабақтарынан көп білдім. Сіз өте қиын, ауыр уақытта өмір сүрдіңіз. Сіз бала кезіңізден бастап көп жаздыңыз. Сіздің шығармашылығынызды қолдамаған адамдар болды, ал сіз оған қарамастан,тоқтаусыз достарыңыздың аттарынан өлеңдеріңіз бен әндеріңізді жазуды жалғастырдыңыз.

    Сіздің шығармаларыңыз көптеген тілдерге аударылды. Осы уақытқа дейін біз сіздің ойларыңызға қайран қалудамыз.Сіз қазақ даласының сұлулығын суреттедіңіз, қазақ қоғамындағы қарым-қатынас пен билікті бөлісу, әділетсіздік пен қайғылы жағдай туралы айттыңыз.

      Сіздің шығармашылығынызда «Қара cөздер» - ерекше орын алады. Қара cөздерде: педагогика тарихы, білім, мораль және қазақтардың құқығы туралы мәселелер көтеріледі. «Қараcөздер» - бұл халыққа үндеу, өмірдің үлгісі туралы әңгіме мағынасында берілген. Сіз адамдардың тағдыры туралы алаңдаушылық білдірдіңіз, адамдарды бір-бірін құрметтеуге, дамытуға, оқытуға, еуропалық өркениет деңгейіне жетуге, ұмтылуға және ең бастысы «біздің халқымыздың басқа ұлттар арасындағы тең ұстанымына» шақырасыз. Бұл күрес бүгінгі күні де өзекті, өйткені біздің еліміз әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуге тырысады.

      Ал 25-ші cөзіңізде cіз орыс тілін оқуға назар аударасыз. Сіз: «Жамандықтан аулақ болып, жақсылыққа жету үшін орыс тілі мен орыс мәдениетін білуіңіз керек» деп жаздыңыз. 25-ші cөзіңізде: «Сен оның тілін білсең–көкірек көзің ашылады» деген сөз бар. «Шет тілі мен мәдениетін білу -адамды осы адамдармен теңестіреді, ол өзін еркін сезінеді, ал егер осы халықтың мәдениеті оның жүрегінде болса, онда ол сол ел қатарлы болады».

Шетелдік мәдениетті қабылдай алатын адам, әлемге кең көзқараспен қарай бастайды, өзін-өзі сынап үйренеді және шектеулерді жеңеді, -деген пікірмен келісемін. Қазақстанда орыс тілі–ресми қолданылатын тіл.

Биыл cіздің туғаныңызға 175 жыл толады. Біздің елде сіздің шығармашылығыңызға арналған көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «... біз тарихтан үлгі алып, ұлы бабаларды ұлықтайтын халықпыз. Ұлы Абай мұрасы «Рухани Жаңғырудың» маңызды бағыты болуы керек. Бұл біздің ата-бабалар алдындағы парызымыз және өскелең ұрпаққа үлгі ». Осы мерекелік шараларға кіреді:

1) Көрмелер;

2) Концерттер;

3) Қойылымдар (Мәскеуде өткен);

4) Спорттық іс-шаралар;

5)Ескерткіштердің ашылуы: Алматы, Шығыс Қазақстан облысы(Самар ауданы);

6) Семей қаласының әуежайына Абай есімі берілді;

7) Челлендж, өлең оқу;

8) Чехия Ұлттық кітапханасында Абай орталығының ашылуы;

9)Кейбір университеттер, мектептер мен көшелер сіздің атыңызбен аталынады.

Сіз қазақ халқының, олардың жас ұрпақтарының жүрегінде тұрсыз. 

      Біз - болашақ балалары, біз үшін маңызды -қазіргі уақытта білімді болу, жаңа технологияларды игеру, басқа ұлттардың тілдері мен мәдениеттерін білу, біздің білім өрісімізді кеңейту және өзін-өзі тәрбиелеумен айналысу.

Қара cөздерде сізбе керайтпадыңыз - «оқу үрдісіндегі ең бастысы–оқу оқушыға білім қуанышын әкелуі керек». Біз cізге деген махаббат пен құрметті сақтап, кейінгі ұрпаққа беруіміз керек.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив