Аударма шебері » Өскемен қаласы әкімдігінің "Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 60-89-15
Есепші бөлімі:
+7(7232) 60-88-54
Кезекші бөлімі:
+7(7232) 75-19-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
Онегиннің сипаты
18
ақпан
2020
Онегиннің сипаты
(А. С. Пушкиннен) Жасынан түсін билеп, сыр бермеген, Дәмеленсе, күндесе, білдірмеген. Нанасың не айтса да, амалың жоқ, Түсінде бір кәдік жоқ алдар деген. Кейде паң, кейде көнгіш орныменен, Кейде елеусіз, кейде ынтық формыменен. Кейде үндемей жүрсе де сөзге баяу, От жалындай жауапкер құрбыменен. Ғашықтық сөзге жүйрік әсіресе, "Дем алысым, құмарым – бір сен" десе. Жанын құрбан жолына қылған жансып, Көз қарауы құбылар әлденеше, Кейде ұялшақ, төменшік, кейде тіп-тік, Қамыққансыр, қайғырып, орны
Кең жайлау
18
ақпан
2020
Кең жайлау
(М. Ю. Лермонтовтан) Кең жайлау – жалғыз бесік жас балаға, Алла асыраған пендесі аш бола ма? Ержеткен соң сыймайсың кең дүниеге, Тыныштық пен зар боларсың баспанаға.
Қараңғы түнде тау қалғып
18
ақпан
2020
Қараңғы түнде тау қалғып
(И.В. Гете — М.Ю. Лермонтовтан) Қараңғы түнде тау қалғып, ¥йқыға кетер балбырап. Даланы жым-жырт, дел-сал қып, Түн басады салбырап.   Шаң шығармас жол-дағы, Сілкіне алмас жапырақ. Тыншығарсың сен-дағы, Сабыр қылсаң азырақ.
Бородино
18
ақпан
2020
Бородино
(М. Ю. Лермонтовтан) – Айтшы, аға, неғып жеңілдік Мәскеуде емес тегіндік, Болған білем соқтығыс, Емес білем аз жұмыс. Ұмытпайды еш орыс, Бородинде көргенді. – Ондағы біздің адамдар, Сендердей емес, балаңдар. Қиын тиді оларға Аз кісі-ақ қайтып санарға. ............................................ Қол салмаққа кәртечке1 Ол күн болды, күн кешке, Қас қарайып, болды түн. ........................................... Штык, қылыш қайрасып, Ширатып мұртын шайнасып, Ашулы солдат қыстықты: «Қойса екен
Татьянаның Онегинге жазған хаты
18
ақпан
2020
Татьянаның Онегинге жазған хаты
(А. С. Пушкиннен) Амал жоқ – қайттім білдірмей, Япырмау, қайтіп айтамын? Қоймады дертің күйдірмей, Не салсаң да тартамын. Талайсыз, бақсыз мен сорлы, Еріксіз аттап ұяттан, Қорлыққа көндім бұл құрлы, Байқалар халім бұл хаттан. Әлімше мен де ұялып, Білдірмен дедім өлсем де. Шыдар ем күйіп, мен жанып, Айында бірер көрсем де. Болмады көріп қалуға, Есітіп біраз сөзіңді. Шыдар ем бір ай жатуға, Ұзақ түн жұмбай көзімді. Қызықтан қашып бұл жерге Көңіліңіз суып келіпсіз. Мәнісін сұрап бірерге, Тілдесе
Шегіртке мен құмырсқа
18
ақпан
2020
Шегіртке мен құмырсқа
(И. А. Крыловтан) Шырылдауық шегіртке Ыршып жүріп ән салған. Көгалды қуып гөлайттап, Қызықпен жүріп жазды алған. Жаздыгүнгі жапырақтың Бірінде тамақ, бірінде үй, Жапырақ кетті, жаз кетті, Күз болған соң кетті күй. Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ, Өкінгеннен не пайда? Суыққа тоңған, қарны ашқан Ойын қайда, ән қайда? Оныменен тұрмады, Қар көрінді, қыс болды. Сауықшыл сорлы бүкшиді, Тым-ақ қиын іс болды. Секіру қайда, сүрініп, Қабағын қайғы жабады. Саламда жатып дән жиған Құмырсқаны іздеп табады.
Теректің сыйы
18
ақпан
2020
Теректің сыйы
(М. Ю. Лермонтовтан) Асау Терек долданып, буырқанып, Тауды бұзып жол салған, тасты жарып. Арыстанның жалындай бұйра толқын Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып. Кавказдан шықты жайнап, қылып у-шу, Түзу жерден жол кернеп ұлғайды су. Қалың қайрат бойында, беті күліп, Момынсынған пішінмен ағады қу. Кавказдай құзда туған перзенттенмін, Бұлттың сүтін еміп ержеткенмін. Казбектен, ағам, сені көксеп шығып, Кім қақтықса жолымда күйреткенмін. Зор кеуде адамзаттың айласына Көнбей, бүгін күшімді көрсеткенмін.
Онегин сөзі
18
ақпан
2020
Онегин сөзі
(А. С. Пушкиннен) Хатыңнан жақсы ұғындым сөздің бәрін: Кірі жоқ, кіршігі жоқ мағыналарын. Жасырмай, жастықпенен, нанғыштықпен Айтыпты шыншыл тілің бар іңкәрін. Жасырмай жас жүректің жанған жайын, Айтуға тілің мұнша қайдан дайын? Жанып, сөніп, суынып қалған көңілім Қобалжиды хатыңды көрген сайын. Қалмаған Онегиннің ешбір бағы, Өтіп кеткен жүректің отты шағы. Мінсіз тілмен сөзіңді жазыпсың-ақ, Ұнатпаған жерім бар сүйтсе-дағы. Болса да сән-салтанат, қызық, әсем, Тез жалығып айнимын, тұрлауым кем.
Жартас
18
ақпан
2020
Жартас
(М. Ю. Лермонтовтан) Қонады бір күн жас бұлт Жартастың төсін құшақтап. Жөнелді ертең, қалды ұмыт, Көк жүзіне ойнақтап. Ажымды жүзі тершіген Кәрі жартас таң қапты: — Бәрі осы-ay,— деп,— құз деген, Томсарып тұрып жылапты.
Қарға мен бүркіт
18
ақпан
2020
Қарға мен бүркіт
(И. А. Крыловтан) Қой жайылып жаздыгүн Шыққан екен қияға. Аспаннан бүркіт құйқылжып, Сорғалап келіп ыраға¹, Бір қозы іліп ап кетті Құздағы қиын ұяға. Екпіні күшті ер үшін, Еңбек қылды жем үшін Ұядағы балаға. Көрді де мұны бір қарға, Желікті бір іс бастарға: "Қозыны да тамақ деп, Кім ап шықсын тастарға! Ең семізін ілейін Қызық қылып ашарға",— Деді-дағы, аралап, Жабысты келіп қошқарға. Қалшылдап, дірілдеп Тырнағын салады, Қанатын қайқайтып, Әкетпек болады. Бүркіттей емес екені Кешікпей-ақ