«Даналық мектебі – тәрбие бастауы» » Өскемен қаласы әкімдігінің "Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 60-89-15
Есепші бөлімі:
+7(7232) 60-88-54
Кезекші бөлімі:
+7(7232) 75-19-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
қаңтар
2024

«Даналық мектебі – тәрбие бастауы»

Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы жөніндегі жұмысты күшейту және ата-аналардың оң мәдениетін дамыту мақсатында барлық білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары жұмысы жүргізіліп келеді.
Осы орайда Өскемен қаласының білім беру бөлімінің жоспары негізінде З.Ахметов атындағы № 16, А.Байтұрсынов атындағы № 20 және № 35 орта мектептерінің бірлесуімен «Даналық мектебі – тәрбие бастауы» тақырыбында семинар өткізілді. 
Қаламыздағы «Ақниет» әжелер ансамблінің мүшелерінің әсем әндері мен дана ойларынан бастау алған дөңгелек үстел басындағы әңгіме әрі қарай тәжірибелік бөлімде көрсетілген шеберлік сағаттарына ұласты. 
«Бабалар мұрасы-ұрпаққа аманат» шеберлік сабағында қыз тәрбиесіндегі әженің рөлі жан-жақты насихатталып, халқымыздың салт-дәстүрімен ұштастырылған сахналық көріністер қатысушылар назарына ұсынылды. Әже тәрбиесі арқылы бала бойына сіңірілетін ұлттық құндылықтар талқыланды.
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Әжем айтқан ертегі» шарасы бала мен ата-ананың, жалпы отбасы мүшелерінің кітап оқуға ынталарын арттыру сияқты бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің түйінін шешуге арналды. 
Аталмыш шараға «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми практикалық институты» комерциялық емес акционерлік қоғамының сараптамалық-талдау басқармасының жетекші маманы Аязбаев Еркімбек Мұқатайұлы қатысып, оң бағасын берді. Осындай игілікті шаралардың жиі жүргізілуі мен жүзеге асуы нәтижесінде ғана ұлттық құндылықтарымыз ұмытылмай насихатталып, ұлттық мүддеміз жоғары деңгейде болатындығына сенімдіміз.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив