Ақын поэзиясы » Өскемен қаласы әкімдігінің "Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 60-89-15
Есепші бөлімі:
+7(7232) 60-88-54
Кезекші бөлімі:
+7(7232) 75-19-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
ӨЛЕҢ - СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ
19
ақпан
2020
ӨЛЕҢ - СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ
ӨЛЕҢ - СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ ӨЛЕҢ - СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол - ақынның білімсіз бишарасы. Айтушы мен тыңдаушы көбі надан, Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы. Әуелі хаят, хәдис – сөздің басы, Қосарлы бәйітмысал келді арасы. Қисынымен қызықты болмаса сөз, Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы. Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,
САБЫРСЫЗ, АРСЫЗ, ЕРІНШЕК
19
ақпан
2020
САБЫРСЫЗ, АРСЫЗ, ЕРІНШЕК
САБЫРСЫЗ, АРСЫЗ, ЕРІНШЕК Сабырсыз, арсыз, еріншек,  Көрсе қызар, жалмауыз, Сорлы қазақ сол үшін Алты бақан алауыз. Өзін-өзі күндейді, Жақынын жалған міндейді, Ол – арсыздық белгісі. Ұятсынбай, ойланбай, Қой дегенге тіл алмай, Іс қылмай ма ол кісі? Бір-ақ секіріп шығам деп, Бір-ақ қарғып түсем деп, Мертігеді, жатады. Ұрлықпен мал табам деп, Егессе ауыл шабам деп, Сөйтіп құдай атады. Бұл нең десе біреуге Жоқ нәрсені шатады. Құтылам деп ісінен, Бәрін көріп кісіден, Шығынға әбден батады. Бұл
МЕН ЖАЗБАЙМЫН ӨЛЕҢДІ ЕРМЕК ҮШІН
19
ақпан
2020
МЕН ЖАЗБАЙМЫН ӨЛЕҢДІ ЕРМЕК ҮШІН
МЕН ЖАЗБАЙМЫН ӨЛЕҢДІ ЕРМЕК ҮШІН Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,  Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.  Көкірегі сезімді, тілі орамды,  Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.  Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,  Көңілінің көзі ашық, сергек үшін. Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,  Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.  Шу дегенде құлағың тосаңсиды.  Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.  Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,  Және айта бер дейді жұрт тыным бермей. Сөз айттым "Әзірет Әлі",
ҚЫС
19
ақпан
2020
ҚЫС
ҚЫС Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген
ҚАНСОНАРДА БҮРКІТШІ ШЫҒАДЫ АҢҒА
19
ақпан
2020
ҚАНСОНАРДА БҮРКІТШІ ШЫҒАДЫ АҢҒА
ҚАНСОНАРДА БҮРКІТШІ ШЫҒАДЫ АҢҒА Қансонарда бүркітші шығады аңға,  Тастан түлкі табылар аңдығанға. Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет, Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға. Салаң етіп жолықса қайтқан ізі, Сағадан сымпың қағып із шалғанда. Бүркітші тау басында, қағушы ойда, Іздің бетін түзетіп аңдағанда. Томағасын тартқанда бір қырымнан, Қыран құс көзі көріп самғағанда. Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп, Қандыкөз1 қайқаң қағып шықса аспанға, Көре тұра қалады қашқан түлкі Құтылмасын білген соң құр
ҚАЛЫҢ ЕЛІМ, ҚАЗАҒЫМ, ҚАЙРАН ЖҰРТЫМ
19
ақпан
2020
ҚАЛЫҢ ЕЛІМ, ҚАЗАҒЫМ, ҚАЙРАН ЖҰРТЫМ
ҚАЛЫҢ ЕЛІМ, ҚАЗАҒЫМ, ҚАЙРАН ЖҰРТЫМ Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,  Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың. Бет бергенде шырайың сондай жақсы, Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың? Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді, Аузымен орақ орған өңкей қыртың. Өзімдікі дей алмай өз малыңды, Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың. Көрсеқызар келеді байлауы жоқ, Бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың. Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки бұзған
ЖАЗ
19
ақпан
2020
ЖАЗ
ЖАЗ Жаздыкүн шілде болғанда, Көкорай шалғын, бәйшешек, Ұзарып өсіп толғанда; Күркіреп жатқан өзенге, Көшіп ауыл қонғанда; Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жоны қылтылдап, Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып, ыңқылдап, Суда тұрып шыбындап, Құйрығымен шылпылдап, Арасында құлын-тай Айнала шауып бұлтылдап. Жоғары-төмен үйрек, қаз Ұшып тұрса сымпылдап. Қыз-келіншек үй тігер, Бұрала басып былқылдап, Ақ білегін сыбанып, Әзілдесіп сыңқылдап. Мал ішінен айналып, Көңілі жақсы жайланып, Бай да келер
ЖАЗҒЫТҰРЫ
19
ақпан
2020
ЖАЗҒЫТҰРЫ
ЖАЗҒЫТҰРЫ Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,  Масатыдай құлпырар жердің жүзі. Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі. Жаздың көркі енеді жыл құсымен,  Жайраңдасып жас күлер құрбысымен. Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,  Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен. Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,  Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып. Шаруа қуған жастардың мойыны босап,  Сыбырласып, сырласып, мауқын басып. Түйе боздап, қой қоздап - қора да шу,  Көбелек пен құстар да сайда ду-ду. Гүл мен
ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА
19
ақпан
2020
ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА
ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба,  Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда, Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ,  Еріншек, бекер мал шашпақ –  Бес дұшпаның, білсеңіз.  Талап, еңбек, терең ой,  Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз.  Жамандық көрсең нәфрәтлі,  Суытып көңіл тыйсаңыз.  Жақсылық көрсең ғибрәтлі,  Оны ойға жисаңыз. Ғалым болмай немене, 
БОЛЫС БОЛДЫМ МІНЕКИ
19
ақпан
2020
БОЛЫС БОЛДЫМ МІНЕКИ
Болыс болдым мінеки, Бар малымды шығындап. Түйеде қом, атта жал Қалмады елге тығындап. Сөйтсе-дағы елімді Ұстай алмадым мығымдап. Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап. Әлсіздің сөзін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап. Сыяз бар десе жүрегім Орнықпайды суылдап. Сыртқыларға сыр бермей, Құр күлемін жымыңдап. Жай жүргенде бір күні, Атшабар келді лепілдеп: «Ояз шықты, сыяз бар», «Ылау» деп, «үй» деп дікілдеп. Сасып қалдым, күн тығыз, Жүрек кетті дүпілдеп. Тыңтуяқ күнім сүйтсе де, Қарбаңдадым