Татьянаның Онегинге жазған хаты » Өскемен қаласы әкімдігінің "Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 60-89-15
Есепші бөлімі:
+7(7232) 60-88-54
Кезекші бөлімі:
+7(7232) 75-19-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
ақпан
2020

Татьянаның Онегинге жазған хаты


(А. С. Пушкиннен)

Амал жоқ – қайттім білдірмей,
Япырмау, қайтіп айтамын?
Қоймады дертің күйдірмей,
Не салсаң да тартамын.

Талайсыз, бақсыз мен сорлы,
Еріксіз аттап ұяттан,
Қорлыққа көндім бұл құрлы,
Байқалар халім бұл хаттан.

Әлімше мен де ұялып,
Білдірмен дедім өлсем де.
Шыдар ем күйіп, мен жанып,
Айында бірер көрсем де.

Болмады көріп қалуға,
Есітіп біраз сөзіңді.
Шыдар ем бір ай жатуға,
Ұзақ түн жұмбай көзімді.

Қызықтан қашып бұл жерге
Көңіліңіз суып келіпсіз.
Мәнісін сұрап бірерге,
Тілдесе алмаймын еріксіз.

Келмесең егер сен бізге,
Сау болмас па ем, әлбетте?
Болмасам ашына мен сізге,
Түспес ем мұндай бейнетке.

Асау жүрек қайнамай,
Жуасыр ма еді кезінде?
Елден бір жақсы сайламай,
Бармас па ем ерге өзім де?

Өзгеге ешбір дүниеден
Еркімен тимес бұл жүрек.
Әзелде тағдыр иеден,
Қожам – сенсің, не керек.

Тіршілігім – құрбандық,
Шыдамай сені көргенше.
Тәңірімнен келген бұл жарлық,
Ием – сенсің өлгенше.

Әуелде кірдің түсіме,
Ортақтасып өміріме.
Толғау салып ішіме,
Сол күнде-ақ жақтың көңіліме.

Құдайдан болғай деп емі,
Құдайыны мол бердім.
Көрген жерде-ақ мен сені,
"Осы екен ғой – сол" дедім.

Жатқан сайын ұйқыға,
Дұға оқушы ем, шошынып.
Ұнатып мені құлқыңа,
Жүруші едің қосылып.

Түсімде мені жұбантып,
Жылы сөзбен сөйлесіп.
Кетуші едің қуантып,
Қалушы еді көңіл өсіп.

Шыныңды айт, кімсің тербеткен,
Иембісің сақтаушы?
Әлде азғырып әуре еткен,
Жаумысың теуіп таптаушы?

Шеш көңілімнің жұмбағын,
Әлде бәрі – алданыс.
Жас жүрек жайып саусағын,
Талпынған шығар айға алыс.

Не болса да өзімді
Тапсырдым сізге налынып.
Толтырып жасқа көзімді,
Есірке деймін жалынып.

Бұл жерде ешкім сырымды
Білмейді, айтып не етейін?
Жақтырмай бұзсаң нұрымды,
Білдірмей күйіп өтейін.

Күтемін сізден қайта хат,
Қуандырып дертім жаз.
Ол болмаса, шынынды айт,
Кінә өзімде, өзіме аз.

Өз хатыма өз көзім
Ұялып, қорқып баға алмас.
Кепілім – сенің бір өзің,
Бөтен жан несіп таба алмас.

Похожие публикации:

18 ақпан 2020 Онегин сөзі
18 ақпан 2020 Бірінші сөз
18 ақпан 2020 Тоғызыншы сөз
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Дархан
16 Қараша 2022 20:09
Күтемін сізден қайта хат,
Қуандырып дертім жаз.
Ол болмаса, шынынды айт, Шынынды деген сөз қате жазылған сияқты, мүмкін Шыныңды шығар
Кінә өзімде, өзіме аз.