Абайдың даналық сөздері » Өскемен қаласы әкімдігінің "Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 60-89-15
Есепші бөлімі:
+7(7232) 60-88-54
Кезекші бөлімі:
+7(7232) 75-19-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
ақпан
2020

Абайдың даналық сөздері


▪Адал жүріп, адал тұр.
▪Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.
▪Адам баласына адам баласының бәрі – дос.
▪Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек – дұрыс іс.
▪Адамзат – бүгін адам, ертең – топырақ.
▪Адамшылықтың алды – махаббат, ғаделет.
▪Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы – қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін.
▪Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста.
 ▪Ақыл өссе, ол түпсіз терең жақсылық сүймектік бірлән өсер.
▪Ақырын жүріп, анық бас.
▪Асығыс түбі – өкініш.
 ▪Әрбір жаманшылықтың, жағасында тұрып адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жимақтық, бұл адамға нұр болады.
▪Әрбір құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен.
 ▪Әрбір мақтан біреуден асамын деген күншілікті бітіреді, күншілік күншілікті қозғайды.
 ▪Әрбір мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін байлап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып, «ананы, мынаны» дегізіп, бойды сынататұғын нәрсе екен.
▪Әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады.
▪Әрбір қайратсыз қорқақ мақтанғыш келеді.
▪Әрбір мақтаншақ қорқақ ақылсыз, надан келеді.
▪Әрбір ақылсыз надан арсыз келеді.                                                  
▪Әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады.
▪Бақпен асқан патшадан Мимен асқан қара артық.
▪Балаларды жасында ата-аналары қиянатшылыққа салындырып алады. Ол қиянатшыл балалары талапқа да, ғылымға да, ұстазға да, хаттә иман иғтиқатқа[1] да қиянатбірлән болады. Бұл қиянатшылар — жарым адам, жарым молла, жарым мұсылман.
 ▪Балаң бала болсын десең, оқыт, мал аяма!
 ▪Білімсіздік хайуандық болады.
▪[Біреу] жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді. Ол — надан, ләкин надан да болса адам.
▪[Біреу] өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді. Оның надандығы толық, адамдығы әбден толық емес.
 ▪[Біреу] өз үйіне келіп айтпаса, яки аулына ғана келіп айтпаса, өзге кісі қостамайтын мақтанды іздейді. Ол — наданның наданы ләкин өзі адам емес.
▪Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ — ол өзі де бір антұрғандық.
 ▪Біреуді ызаландырмақ — шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс.
▪Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол мінез бұзылмасын!
▪Ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.
▪Ғылым таппай мақтанба.
▪Ғалымнан надан артпас ұққанменен.
▪Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ.
▪Досыңа достық — қарыз іс.
▪Дұшпаныңа әділ бол.   
▪Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды.
▪Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса, айында бір, өзіңнен өзің есеп ал.
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас.
▪Еңбек қылсаң, қара жер де береді.
▪Еңбексіз мал дәметпек — қайыршылық.
▪Ер ісі — ақылға ермек, бойды жеңбек.
▪Еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.
 ▪Есер кісі орнын таппай, не болса сол, бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен-дағы, күнінде өкінгені пайда болмайды екен.                              
▪Есті адам орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен-дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен.
▪Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.
▪Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: ▫әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек; ▫екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; ▫үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; ▫төртінші — ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек.
▪Жақсылық ұзақ тұрмайды.
▪Жамандық әр кез тозбайды                                   
▪Жаман дос – көлеңке.   
▪Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін
▪Жүректе айна жоқ болса, Сөз болмайды өңгесі.
▪Залымдық — адам баласының дұшпаны.
▪Заманға жаман күйлемек, Замана оны илемек.
▪Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.
▪Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: надандық; еріншектік; залымдық.
▪Қазаққа күзетші болайын деп біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, жұрт қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек
▪Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме.
▪Құдайдан қорық, пендеден ұял.
▪Құдайға терістіктен не ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәуір түгіл, әуелі адам ба өзі?
▪Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ — өнерсіз иттің ісі.
▪Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас.
▪Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ — кербездің ісі.
▪Малға достың мұңы жоқ малдан басқа.
▪Мал, мақтан ғиззат-хұрмет адамды өзі іздеп тапса, адамдықты бұзбайды һәм көрік болады.
▪Мақтан қума, керек қу.
▪Махаббат — әуел адамның адамдығы, ғақыл, ғылым деген нәрселер бірлән.
▪Мықты болсаң, өзіңнің нәпсәңді жең.
▪Надандық — білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешнәрсені оларсыз біліп болмайды.                                                                                                              
▪Hадан ел қуанбас нәрсеге қуанады.
▪Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық; ойыншы-күлкішілдік; я бір қайғыға салыну; я бір нәрсеге құмарлық.
▪Ойсыздарға қосылма.
▪Өзін өзі өзгешелікпен артық көрсетпек адамдықтың нұрын, гүлін бұзады.
▪Өзі өзгеше боламын демектің түбі — мақтан.
▪Өзіңде бармен көзге ұрып, Артылам деме өзгеден.
▪Өзіңе сен, өзіңді алып шығар Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
▪Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың.
▪Өлім барда қорлық жоқ.
▪Өмір жолы — тар соқпақ, бір иген жақ.
▪Өмірдің алды — ыстық, арты – суық.
▪Өмір, дүние дегенің Ағып жақтан су екен.
▪Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның білсеңіз.
▪Пайда ойлама, ар ойла.
▪Рақымдылық, мейірбандылық, уа әрбір түрлі адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай ойды оларға да болса игі еді демек, бұлар — жүрек ісі, асықтық та жүрек ісі.
▪Сақалын сатқан кәріден Еңбегін сатқан бала артық.
▪Сөзіне қарай кісіні ал, Кісіге қарап сөз алма.
▪Сый дәметпе, берсе алма еш адамнан.
▪Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас.
▪Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз.
▪Талап қыл артық білуге.
▪Талап, ұғым махаббаттан шығады.
▪Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ.
▪Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады.
▪Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма?
▪Уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар зинһар[2] жаным, соған бек сақ бол, әсіресе, әуел құданың, екінші — халықтың, үшінші — дәулеттің, төртінші — ғибраттың, бесінші — ақылдың, ардың бәрінің дұшпаны.
▪Үш-ақ нәрсе — адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
▪Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.
▪Ұят деген — адамның өз бойындағы адамшылығы иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты.
▪Ынсап, ұят бұл ғадаләттән шығады.  

Похожие публикации:

17 ақпан 2020 Он төртінші сөз
17 ақпан 2020 Он бесінші сөз
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив