04
қазан
2023
Кім күшті?




Өтілу орны: ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Заки Ахметов атындағы № 16 орта мектебі» КММ
Тақырып: «Кім күшті?»
Қатысушылар: 4- «Г» сынып оқушылары
Өткізушілер: Жансапова Ақтолқын Ақылбекқызы. Әуезхан Әділ
Өтілу күні: 04.10.2023 жыл
Кітапхана қызметкерлері «Кім күшті?» атты салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорттық шара өткізді. Спорт-біздің жан серігіміз дейтін ұстанымды мақсат еткен шын мықтылар эстафеталық ойын ойнап, шапшаңдықтарын шыңдады.Озат ойлы балдырғандар сиқырлы сандықшада жасырынған жұмбақтарды дәл шешіп, әртүрлі спорттық құралдардың көмегімен «Тап-таза», «Шымыр болсаң…», «Жүйрік бол!», «Ойла, ойна!», «Мозаика сөйлесін», «Аяқты қимылдат» атты ойын түрлерін жарыса ойнап, керемет ойын өрнегін көрсетті.
Мергендіктерімен көзге түскен қатысушылар есеп тапсырмаларын да орындап, алғырлықтарын байқатты.
Шара соңында оқушылар назарына кітапхана қорындағы денсаулық тақырыбындағы түрлі энциклопедиялар таныстырылып, оқуға ұсынылды.