Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындысы » Өскемен қаласы әкімдігінің "Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 60-89-15
Есепші бөлімі:
+7(7232) 60-88-54
Кезекші бөлімі:
+7(7232) 75-19-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
қаңтар
2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындысы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

   І. Кіріспе бөлім

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні

Өскемен қаласы әкімдігінің  «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ-ның  қызметі. 

2.      Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ-ның  жұмыс тобымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг  жүргізілді.  мекен-жайы: Шәкәрім,89.   Электронды поштаның мекен-жайыschool16@edu.oskemen.kz , телефон нөмірі 8(7232)- 60-89-15.

3.     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі: 

18.12.2019 жылы  басталып  27.12.2019 жылы аяқталды.

4.      Бақыланатын кезең: 01. 01. 2019-31.12.2019 жыл.   

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

    Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ-ның іс –әрекеті Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімдігінің 23 желтоқсан 2011 жылғы №14452 қаулысы негізінде  қызмет атқарады. 

      Қызметкерлерді басқару: штаттық бірлік бойынша қызметкерлер саны – 131 бірлік. Оның ішінде: қызмет атқаратын педагогтар  саны -95, қамту қызметкерлері-27, шағын орталықта 9,  баланы 3 жасқа дейін күтуге байланысты демалыста -13  қызметкер.

Қызметкерлердің орта жасы-40 жасты құрайды.

Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ   қызметкерлерінің  лауазымдары  квалификациялық  талаптарға сай.

Мекемеде кәсіби біліктіліктерін көтеру бойынша қайта даярлау курстарына жіберу  және санаттарын көтерудің кестесі мен уақыты сақталған.

Еңбек тәртібін бұзушылық фактілері тіркелмеген. Жыл көлемінде еңбек тәртібін  бұзушылық жоқ.

Талдау жүргізілу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң бұзғандығы үшін сотталған немесе қылмыстық іс жасағандарды жұмысқа қабылдау фактілері анықталмаған. Шиеленісу жоқ.

Сыбайлас  жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу  кезінде мүдделер дауы,  мемлекеттік сатып алу фактілерін бірлескен қызмет (жұмыс) берушінің жақын туыстары мен   жекжаттарының, ерлі-зайыптылар анықталған жоқ.

"Ақпарат" тақтасында азаматтарды қабылдау кестесі мен сенім телефондары: 8 (72-3)2-60-89-15, 144 орналастырылған.  

1-қабатта азаматтардың  және лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне байланысты өтініштеріне арналған «Сенім»  жәшігі    орнатылған, келіп  түскен шағымдар жоқ.

2019 жылы қолданыстағы  заңнаманы бұзушылық бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері, мәселелері, қызметкерлердің әрекеттеріне түскен шағымдар жоқ.

Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ мен ұйым қызметкерлеріне  тән жағымсыз жарияланымдар бұқаралық ақпарат құралдарында   жарияланбаған.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша «Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс» ШҚО департаменті агенттігінің және Өскемен қаласының өкілінің қатысуымен ұйымдастырылған семинарлар мен форумдарға қатысылды. 

 «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - баянды болашақтың кепілі»  атты тақырыпта Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ-да   педагогикалық кеңес, директор жанындағы кеңес, ата –аналар жиналысында,   қамқорлық кеңес отырыстарында түсіндіру жұмыстары өткізіліп тұрады. Жиналыстар мен отырыстар хаттамасы мектеп    сайтында жарияланды.   http://16-oskemen.mektebi.kz

Жалпы білім беретін ұйым Мемлекеттік қызметтің 6  түрін стандарт талаптарына сай жүзеге асырады:

Мемлекеттік қызмет көрсетудің  6 түрі бойынша 432 адам жүгінді. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша заң  бұзушылық - жоқ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша 2019 жылы  барлығы  56 келісім-шарт  жасалды.

Оның ішінде: бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы –54, баға ұсыныстарын сұрату арқылы -2.

Кәсіпорынның 2019 жылға  арналған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жылдық жоспары Мемлекеттік сатып алу Ережесіне сәйкес интернет-ресурсында, www.goszakup.gov.kz. веб-порталында орналастырылған.  Бұзушылық жоқ.

2019 жылы қаржы - шаруашылық қызметін тексеру бойынша құқық бұзушылық болған жоқ.

ІІІ. Қорытынды бөлімі

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында:  

  • қызметкерлер мен ата-аналар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама  мен ақпараттық-насихаттау жұмыстарын белсенді жүргізу;
  • балалардың бойында патриотизм, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жұмыстарын жалғастыру;
  • құқықтық жаппай оқыту бойынша қолданыстағы заңнаманы түсіндіру және оған енгізілетін өзгерістер және толықтырулар жайлы  сабақтар  жүргізу   ұсынылады. 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша жасалған талдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысына  қарауға ұсынылады.

 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары»  талаптарына сай Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің  қорытындысы Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16  орта   мектебі»  КММ –ның  мектеп сайтында орналастырылды. 

Жұмыс тобының төрайымы:

Топ мүшелері:  

Есепші:                                                                                           Г.С.Кабылова

Әлеуметтік ісі жөніндегі орынбасары:                                                   А.Т.Кабидолдина 

Шаруашылық меңгерушісі:                                                                 Г.К.Бакбаева

Іс жүргізуші:                                                                                   Қ.Қ.Ақтанова 

Инженер:                                                                                        Е.Б.Кыргышбаев

Таныстым:

Өскемен қаласы әкімдігінің 

«Зәки Ахметов атындағы 

№16 орта мектебі» КММ

 директоры:   Г.К.Сауырбаева 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив