Су айдынындағы және жазғы маусымдағы қауіпсіздік шаралары » Өскемен қаласы әкімдігінің "Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 60-89-15
Есепші бөлімі:
+7(7232) 60-88-54
Кезекші бөлімі:
+7(7232) 75-19-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
сәуір
2020

Су айдынындағы және жазғы маусымдағы қауіпсіздік шаралары

                                                           

                                   Су айдынындағы және жазғы маусымдағы қауіпсіздік шаралары

Суда абай болыңыздар! Күннің қатты ысығанынан барлық су айдындарда демалушылардың саны күрт өсуде. Суда демалыңыздар, күштеріңізді және денсаулықтарыңызды нығайтыңыздар, бірақ, Есте сақтаңыздар!
Судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі болып азаматтардың судағы қаупсіздік ережелерін дөрекі бұзуынан немесе оны білмеулерінен болып табылады.
Судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін оқыңыздар және есте сақтаңыздар:
• тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;
• жүзе білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;
• шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар;
• жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;
• жүзе білмей, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыздар;
• жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындамаңыздар;
• қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер;
• суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;
• түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар;
Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, балаларды сауықтандыру лагерлерінің, туристік фирмалардың және демалыс зоналарының басшылары!
Балаларды қатаң бақылаңыздар, оларды үлкендердің бақылаунсыз қалдырмаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен жерлерде үлкендердің қадағалауымен ғана шомылуға рұқсат етіңіздер. Балаларға үрлемелі матрастармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге қатаң тиым салынады. Оларды жағадан жел немесе ағын алысқа алып кетуі мүмкін, ал бұл көмек көрсетуге қиындық туғызады.

Шомылу кезінде абай бол.
Жамбыл облысы төтенше жағдай лар бөлімі ескертеді.
- Суға шомылғанда тек жабдықталған жағажайларда және басқа арнайы шомылуға бөлінген орындарда шомылыңыздар ;
- Жүзе білмей тұрып, беліңізден жоғары келетін суға түспеңіз 
- Қатаң түрде балаларды үлкендердің қарауынсыз су қоймаларының жағалауында қалдырмаңыздар;
- Балаларға үрлемелі матрацтармен,камералармен,тақтайлармен,үрлемелі ойыншықтармен жүзуге тыиым салынады.

Шомылу кезінде:
-Ескертпе белгілерден ары жағадан алысқа жүзіп кетпеңіздер.
- түнгі уақытта, алкогольдік ішімдік ішкенен кейін суға шомылмаңыздар;
- Қайықтан,катерден, суда жүзетін велосипедтен, жағадағы кеме аялайтын орыннан,көпірден және белгісіз орындарда суға секірмеңіздер.
-Суда қауіпті жағдайлар туғызбаңыздар.

Оқушылар мен ата- аналар! Суда абай болыңыздар! 
Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар, сонда су жағасындағы демалыс қайғылы болмайды.
Естеріңізде болсын! Егерде Сізге қауіпті жағдай төнсе, Сізге көмек қажет болса «112» Құтқару қызметінің телефон номерін теріп алыңыздар. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив