«Мектепке жол» акциясы 2020-2021 оқу жылы
2020-2021 оқу жылындағы «Мектепке жол» акциясы бойынша
«Мектепке жол» акциясы бойынша жалпыға білім беру қорынан Білім және ғылым министрінің 14.01.2016 жылғы №26 бұйрығы негізінде талапқа сай мектеп формасымен 3204540 тенгеге 171 оқушы қамтылды. Оның ішінде: көпбалалы 94, азқамтылған 77 оқушы.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 18 қарашадағы "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне сәйкес балалар мен жасөспірімдердің аяқ киіміне қойылатын талаптар бойынша 173000 тенгеге 173 оқушыға аяқ киімдер алынды. Оның ішінде: азқамтылған – 78 азқамтылған, 95 көпбалалы оқушыға таратылды.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында жыл сайынғы "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы барысында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіт қызметкерлері мен басшылығы мектептің азқамтылған 1, көпбалалы отбасының 16 оқушысына мектеп сумкасы мен оқу –құралдарын табыстады.