Білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы » Өскемен қаласы әкімдігінің "Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 60-89-15
Есепші бөлімі:
+7(7232) 60-88-54
Кезекші бөлімі:
+7(7232) 75-19-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
тамыз
2019

Білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы

          Білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы – бұл педагогтер үшін жаңа оқу жылының басталуына және жаңа педагогикалық идеяларға есеп беретін дәстүрлі оқиға.Конференция жаңа оқу жылындағы білім беру жүйесінің жоспарлары мен келешегін талқылау бойынша диалогтық алаң болады.
        Пленарлық отырысқа Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ахметов Даниал Кенжетайұлы, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің өкілі, «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ өкілдері, әлеуметтік серіктестер, ЖОО ректорлары, ата-аналар қауымдастығы өкілдері қатысады.
Пленарлық отырыс бағдарламасында:
- халықаралық«Digital East – болашаққа қадам 2019»IT-форум шеңберінде облыс әкімінің грантына талапкер StartUp-жобалар көрмесі;
- WorldSkills халықаралық стандарттары талаптарына сәйкес «Мехатроника» бағытына арналған жабдықтар мен зертханалар көрмесі;
- облыс әкімінің, конференция қонақтарының, мұғалімдер мен ата-аналардың баяндама сөздері;
- марапаттау рәсімі – ҚР БҒМ марапаттарымен, ШҚО әкімінің алғыс хаттарымен, «Ең үздік білім беру ұйымы – 2019» грантына сертификаттармен, тілдік пәндер мұғалімдері мен тренерлерін ынталандыру сертификаттарын табыстау;
- секциялық және пленарлық отырыс қорытындысы бойынша нұсқаулықтар қабылдау.
Тамыздың 26-28 аралығында 3500 адамды қамтумен 6 секциялық отырыс өткізу жоспарланып отыр.
Секциялардың негізгі бағыттары:
- мектепке дейінгі тәрбие және білім беру сапасын арттыру;
- білім берудің жаңартылған бағдарламасына мектеп алды топтарының, 4,9 және 10 сыныптардың көшуі;
- инклюзивті білім беру жағдайында бала өмірінің сапасын арттырудың заманауи жолдары;
- жалпы білім беретін местептерде тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
- халықаралық стандарттарға сәйкес ТжәнеКБ білім беру бағдарламаларын жаңарту;
- кадрларды даярлау сапасын арттыру факторы ретінде білім саласындағы серіктестік.
Ұйымдастырушы: ШҚО білім басқармасы
Өтетін күні мен уақыты: 2019 жылғы 27 тамыз, сағат 10.00-де.
Өтетін орны: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 5 ғимараты.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив