08
мамыр
2019
Жеңіс күніне орай сыныптар арасында саптық шеруден сайыс өтті













Жеңіс күні мерекесіне орай 5-10 сынып оқушылары арасында «Сап шеру», «Ән шеру» әскери-спорттық сайысы өтті.
Сайыс мақсаты оқушыларды патриотизмге, Отан қорғауға және олардың бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсауға тәрбиелеу. Сайыс барысында сыныптың сыртқы киімі, саппен қозғалысы, ән айтуы, орында бұрылу қозғалыстарының дұрыс орындалуына мән берілді. Барлық оқушылар да белсенді қатысып,өздерінің нағыз патриот екендіктерін көрсетті.