«Қатыгездіксіз балалық шақ» акциясы
Республикалық «Қатыгездіксіз балалық шақ» атты акцияның өтілуі бойынша ақпарат.
Республикалық «Қатыгездіксіз балалық шақ» атты акция 13-19.11.2019 жыл аралығында өткізілді.
Акция барысында 7,9- сынып оқушылары және өзін –өзі тану пәнімен кіріктіріле жүргізілді.
Сабақ барысында слайд, бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар тақырыпты талдау барысында бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, өз ойларымен бөлісті.
«Бала құқығы туралы Конвенциямен танысу» туралы сабақ 6,7- сынып оқушылары және тарих пән мұғалімдерімен бірлесе жүргізілді. Акция тарих пәні мұғалімдерімен кіріктіріле жүргізілді.
«Болашақтағы балалық шағымның көрінісі» атты сурет көрмесі 5-6- сынып оқушыларымен ұйымдастырылды. Оқушылар белсенділікпен қатысты.
Сабақтар барысында слайд, бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар тақырыпты талдау барысында құқықбұзушық, оқушы міндеттері туралы өз ойларымен бөлісе алды. Сабақтар өз дәрежесінде мазмұнды жүргізілді. Жүргізілген сабақтар, көрме жұмысы туралы мектеп сайтына жарияланды.
