26
наурыз
2019
Мектеп сайты туралы ақпарат

Құрметті оқушылар, ата-аналар және сайт қонақтары!
Өскемен қаласы әкімдігінің "Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жеке сайты ашылды.
Оқу -тәрбие үрдісі өте күрделі процесс. Бұған қоғамдық орта, ата-аналар да белсене араласу керек. Ең үлкен бақыт - тәуелсіз Отанымыз! Ал осы Отанымыздың іргесі берік, тұғыры мықты болуы - білімді ұрпақ қолында. Олай болса, ұрпақ тәрбиесіне бей - жай қарамай, барлығымыз да үлесімізді қосайық. "Бала тәрбиесі - баршаға ортақ", - деп бекер айтылмаса керек. Құрметті ата-аналар! Мектеп, сынып жайлы және балаңыздың білімі жөнінде мәліметтерді осы сайт арқылы біле аласыздар. Көкейде жүрген ойыңыз, өзіңізді алаңдатып жүрген сұрақтар төңірегінде де пікір алмасуға болады. Іске сәт!
Мектеп сайтының басты мақсаты – мектеп, оқушы, ата-ана арасында тығыз байланыс орнату. Мектебімізде білім және тәрбие беру салаларында атқарылып жатқан жұмыстарымызды бірыңғай ақпараттық кеңістік арқылы басқа пайдаланушыларға ұсына білуге қалыптасу. Электронды оқыту E-Learning бағдарламасын қолдану аясын кеңейту.
Міндеті - ақпараттық кеңістіктегі жарияланып жатқан өз саламыздағы түрлі материалдарды пайдаланушы ғана емес, оған қоса ұжым мүшелерінің әрқайсысының өздігінше ізденіп, оқу-тәрбие жұмысында жаңа технологияларды пайдаланудағы жұмыс нәтижелерін басқалармен бөлісуге үйрету, осы арқылы мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылығын насихаттау, олардың беделін көтеру.
Мектеп сайтының мекен-жайы: http://16-oskemen.mektebi.kz/