«Құлыншақ» шағын орталығы
«Құлыншақ» шағын орталығының жалпы сипаттамасы
«Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің "Зәки Ахметов атындағы № 16 орта мектебі" КММ жанынан 2010 жылдың 1 наурызында «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Құлыншақ» шағын орталығы ашылды. Мектепке дейінгі шағын орталықтың жұмысын ұйымдастыру туралы №89/1 бұйрық шығарылды. Шағын орталық қазақ тілінде 4 жастан 6 жасқа дейінгі 50 балаға арналған.
Шағын орталықтың басты міндеттері: Балалардың психологиялық, физикалық, ақыл-ойының және өнегелі-қайратты дамуына жағдайларды ұйымдастыру. Балалар тұлғасының үйлесімді дамуы, оның қызығушылықтарын қанағаттандыру және қабілеттерін дамыту.
Білім беру ұйымы қызметінің мақсаты: тұлғалық мәдениет, жалпы рухани құндылықтарға сәйкес оның базисін меңгеру негізінде баланы жан-жақты дамыту. Қазақстандық отан-сүйгіштік қағидалары бойынша тәрбиелеу.
Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру:
Шағын орталық өз іс-әрекетін «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу-оқыту үдерісін ұйымдастыру туралы әдістемелік-нұсқаулық хат және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына қосымша әдістемелік нұсқаулықтар негізінде жүзеге асыруда.
Шағын орталықта 2 топ жұмыс істейді.
«Айгөлек» тобы 4 – 5 жас,
«Балдырған» тобы 5 – 6 жас.
Жалпы ауданы 314 кв.м
Жоба қуаттылығы: 50 орын
Қызыметкерлер саны: 14
Шағын орталықта 9 педагог, оның ішінде 4 тәрбиеші және 5-і пән мұғалімдері қызмет атқаруда.
Шағын орталықтағы пән мұғалімдерінің барлығы жоғары білімді мамандық иелері. Олар:
- орыс тілі
- ағылшын тілі- психолог
- музыка жетекшісі
- дене тәрбиесі жетекшісі
Шағын-орталықтың жұмысы нормативті- құқықтық құжаттар негізінде жүргізілді: Шағын орталықтың барлық аумағы санитарлық-гигиеналық талапқа сай.Балалар бөлмесі – (ұйықтайтын, ас ішетін, ойнайтын).
Спорт залмен біріктірілген музыкалық бөлме – 1. Бөлмелердің іші қажетті құралдармен (ойыншықтармен, спорттық жабдықтармен, көрнекті құралдармен) жабдықталған. Әр топқа арналған жуынатын бөлме, дәретхана бар.Шағын орталық ұжымы жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру бағытында нәтижелі жұмыстар атқарып, жыл сайын облыстық, қалалық сайыстарға белсене қатысып, жүлделі орындар алып келеді.
Байланыс телефоны: 87232608975
Электронды почта: School16@edu.oskemen.kz