Мемлекеттік үлгідегі құжаттарды есепке алу мен беру қағидалары » Өскемен қаласы әкімдігінің "Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 60-89-15
Есепші бөлімі:
+7(7232) 60-88-54
Кезекші бөлімі:
+7(7232) 75-19-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
қыркүйек
2025

Мемлекеттік үлгідегі құжаттарды есепке алу мен беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына
35-қосымша

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды есепке алу мен беру қағидалары

      Ескерту. 35-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.10.2023 № 312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды есепке алу мен беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленген.
      2. Осы Қағидалар орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру, сондай-ақ олардың телнұсқаларын беру тәртібін белгілейді.

2-тарау. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру тәртібі

      3. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды білім беру ұйымдары "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 3-тармағына сәйкес береді.
      4. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға негізгі орта білім туралы куәлік, жалпы орта білім туралы аттестат, техникалық және кәсіптік білім туралы диплом, орта білімнен кейінгі білім туралы диплом беру үшін тиісті (емтихан, біліктілік, аттестаттау) комиссияның шешімі негіздеме болып табылады.
      Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыға негізгі орта білім туралы аттестат беру үшін білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негіздеме болып табылады.
      5. Білім беру ұйымдарында негізгі орта білім туралы үздік аттестат, жалпы орта білім туралы үздік аттестат, техникалық және кәсіптік білім туралы үздік диплом, орта білімнен кейінгі білім туралы үздік диплом Қазақстан Респубдикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5191 болып тіркелген) бекітілген Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес беріледі.
      6. Білім туралы құжат тиісті шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей салтанатты түрде білім алушының өзіне беріледі.
      Құжатты жеке өзі алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ол үшінші тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ресімделген сенімхат бойынша беріледі.
      7. Негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі бланкілер:
      1) көлемі 224 x 160 мм қатты мұқабадан;
      2) көлемі 210 x 150 мм қосымша парақтан;
      3) қосымшадан тұрады.
      8. Бланк мұқабасы:
      1) үздік бланк үшін - қызыл түстен;
      2) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған тұлғаларға берілетін бланк үшін - көгілдір түстен;
      3) басқа қалған бланкілер үшін - қою көк түстен дайындалады.
      9. Бланкілердің барлық түрлерінің мұқабасында алтын түспен жасалған:
      1) жоғары жағында мемлекеттік тілде: "Қазақстан Республикасы" деген өрнектелген жазу;
      2) ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі;
      3) Мемлекеттік елтаңба бейнесінің астында мемлекеттік тілде өрнектеліп жазылған құжат түрінің атауы орналасады.
      10. Бланкілер мен оған қосымшалары баспаханалық тәсілмен басылады (баспа құрылғыларының көмегімен толтырылатын деректерді есепке алмағанда).
      11. Бланкілер мен оған қосымшалары арнайы қорғаныш (су тамғысы белгілерімен) дәрежелері бар мынадай қағазда басылады:
      1) ақшыл-қызғылт түс – үздік белгісі бар бланкілер, сондай-ақ "Алтын белгі" белгісімен марапатталған тұлғаларға берілетін бланкілер үшін;
      2) ақшыл-көк түс - барлық қалған құжаттардың түрлері үшін қосымша парақтар мен қосымшалар.
      12. Бланкілердің бет жағында:
      1) жоғары жағында – "Қазақстан Республикасы" деген сөздер;
      2) ортасында - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі;
      3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңба бейнесінің астында - бланк түрінің мемлекеттік тілдегі атауы орналасады.
      13. Бланкілердің ішкі екі жағында ортада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі басылады.
      14. Бланкілердің сол жақ ішкі бетінде мемлекеттік тілдегі мазмұны, ал оң жағында - орыс тіліндегі бірдей мазмұны көрсетіледі.
      15. Үздік құжаттың қосымша парағының ішкі екі бетінде баспаханалық тәсілмен қызыл түспен "Үздік" және "С отличием" деген сөздер жазылады.
      16. "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдарға берілетін бланкінің ішкі екі бетінде баспаханалық тәсілмен, қола түспен "Алтын белгі" деген сөздер жазылады.
      17. Бланкілердің барлық түрлерінің қосымша парақтарының сериясы мен жеті саннан тұратын нөмірі болады.
      18. Бланкілер оларға жазылатын жазулар басу құрылғыларының көмегімен жазылатындай етіп жасалуы тиіс.
      19. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы диплом бланкілерінде QR код арқылы автоматты сәйкестендіру технологиясы (өлшемі 3х3 см.) қолданылады.
      20. QR кодты генерациялау "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесіне енгізілген білім алушылар туралы мәліметтер мен бітірушілер негізінде жүзеге асырылады.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив