«Абайымен асқақ ел» атты мектепішілік мәдени іс- шаралар жоспары
Бекітемін:
Мектеп директоры: Г.К.Сауырбаева
Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ-нің
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында хакім Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай
«АБАЙЫМЕН АСҚАҚ ЕЛ» атты мектепішілік мәдени іс- шаралар жоспары.
2019-2020 оқу жылы.
Мақсаты: Жас ұрпақтың бойына Абай мұраларын насихаттау, өнер мен мәдниетке деген қызығушылықтарын арттыру.
№ | Іс –шара мазмұны | Мақсаты | Формасы | Өтілу мерзімі | Қатысушылар мен жауаптылар |
МЕКТЕПІШІЛІК ІС –ШАРАЛАР | |||||
1 | Мектеп бірлестіктері арасында Абай өлеңдерін жатқа оқу бойынша эстафета жолдау. | Абай өлеңдерін насихаттау | Бейнеролик | Қаңтар айы | Бірлестік мүшелері мен жетекшілері |
2 | Мектепішілік кітапханада «Абайды оқы, таңырқа» кітаптар, монографиялық еңбектер көрмесін ұйымдастыру | Абай еңбектері мен монографиялық жұмыстарды насихаттау | Кітаптар көрмесі | Жыл көлемінде | Мектеп кітапханашысы Л.Сембинова |
3 | «Абай өлеңдеріндегі тәрбиелік арналарды дәлелдеп жазыңыз» эссе жазу | Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін сараптау | Эссе жазу сайысы | Ақпан айы | 11- сынып оқушылары, қазақ тілі мен әдебиет пәндері мұғалімдері С.Қ.Журсунов. Қ.Д.Умбетаева |
4 | «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» Абайдың оқу –білім тақырыбындағы өлеңдерінен тәрбие сағаттары | Абай өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ашу | Тәрбие сағаттары | Жыл көлемінде | 1-11- сыныптар, сынып жетекшілері |
5 | «Абай шығармашылығын оқыту» ашық сабақтар | Абай шығармашылығына кеңінен тоқталу | Кіріктірілген сабақтар | Ақпан айы | Бастауыш, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, МИФ, Өнер және дене шынықтыру,жаратылыстану пән бірлестік мұғалімдері мен жетекшілері |
6 | «Абай мұралары- Зәки Ахметов зерттеуінде» оқырман конференциясы | Зәки Ахметовтың зерттеулеріне шолу жасау | Конференция | Наурыз айы | Ш.М.Баянбаева, А.Ж.Абселенова |
7 | «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» эстафеталық спорттық сайыс | Салауатты өмір салтын насихаттау | Эстафеталық спорттық сайыс | Наурыз айы каникул уақыты | Калиев О.Т, Серікбаев Б. |
8 | «Дархан даланың кемел перзенті –қорытынды концерт | Атқарылған жұмыстарға қорытынды | Қорытынды концерт | Сәуір айы | Мектеп ұжымы, қонақтар |
9 | «Абай еліне саяхат» Жидебайға бару | Абай туған өлкесімен танысу | Саяхат | Мамыр айы | Мектеп ұжымы |
10 | «Абай –дана, Абай дара!» қалалық, облыстық, республикалық сайыс, жоба, конференцияларға қатысу | Оқушы білімін тереңдету | Сайыс, жоба, конференция | Жыл көлемінде | Тіл мамандары, мектеп оқушылары. |
ҚАЛАЛЫҚ ІС –ШАРАЛАР | |||||
1 | «Абай жолы -халық жолы» оқырман конференциясы | Абай мұралары туралы деректермен жете танысу | Кездесу | Ақпан айы | 9,11- сынып оқушылары, тіл мамандары, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ филология кафедрасының мамандары |
2 | «Абай қарасөздері- даналықтың бастауы» қарасөздері негізінде шағын әдеби қойылым дайындау | Абай қарасөздерінің мағынасын ашу | Сахналық қойылым | Наурыз айы | №1,3,16,20,43,44,45,46,47,48,49 қазақ мектептерінің 8- сынып оқушылары, тіл мамандары |
3 | «Абай ұлылығын таныту-Қ.Бітібаева зертханасында» | Абайтанушы, ұстаз Қ.О.Бітібаева портретімен танысу | Қ.Бітібаева зертханасына саяхат | Наурыз айы | Мектеп оқушылары, тіл мамандары, Жамбыл гиназия-интернат мұғалімдері |