20
ақпан
2020
Ақынға хат
Абайға хат
Қазақтың ұлысы болған, атасы атанған Абай атам! Өзіңнің шығармаларыңды оқу арқылы мен қазақтың қандай ел болғанын, оған ненің қажет екенін білдім. Надандықтан, сауатсыздықтан арылудың бірден-бір жолы ғылым, білім екенін
Ғалым болмай немене
Балалықты қисаңыз – деп, дөп басып айттыңыз.
Расында да, біздің бүгінгі тәуелсіз елімізде білімді де зиялы азаматтар баршылық. Ақсүйек тұқымынан шықсаң да жамандыққа жаны қас, адалдықты, шыншыл да әділдікті сүйген, еңбекті ту еткен ұлы тұлға болғаныңа тәнтімін. Өз еліңді жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулыдыңыз. Сондықтан сіздің рухыңыз бүкіл қазақтың арасында оларға ақыл-қайрат беріп, көмекші ретінде мәңгі жасайды дер едім. Қазақ өзіңіздей дананың ұлылығын аңсайды.
Асылбек Ақтілек