Жидебайдағы Абайдың музей-үйі » Өскемен қаласы әкімдігінің "Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 60-89-15
Есепші бөлімі:
+7(7232) 60-88-54
Кезекші бөлімі:
+7(7232) 75-19-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
ақпан
2020

Жидебайдағы Абайдың музей-үйі


   

         Жидебай қорық алқабы Семейден 178 шақырым жерде Абай ауданы жерінде  орналасқан. ХІХ ғасырда бұл Шыңғыстау баурайында, Қарауыл өзенінің бойында жатқан қырат еді. Атауы осы жерді Құнанбай, Өскенбай әулетіне дейін мекен еткен адам  Жидебай есімімен аталған екен.
        Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлы 1840 жылы Жидебайға қоныс тепті. Кейін Абайдың інісі – Оспанның  еншісіне қалдырып, Құнанбай өзі Ақшоқыға көшеді. 1894 жылы, Оспан қайтыс болғаннан екі жылдан кейін, бұл қыстау Абай жайына айналды. Ақын өз жобасы бойынша қыстауды қайта салдырды. Абаймен бірге бұл қыстауда кезінде Оспан мен Еркежан бауырына салып алған Ақылбай балалары: Әубәкір мен Пәкизат тұрды. Абай  дүниеден өткен соң қыстауға Әубәкір ие болып қалды.
         1945 жылы Абайдың 100 жылдық мерейтойына  орай қыстау мұражай-үй ретінде қалпынаЖидебай новый келтіріледі. Абайдың 125  жылдық мерейтойы қарсаңында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мемориалдық  экспозиция жасалған. Ал,  Абайдың 150  жылдық мерейтойының қарсаңында  мұражай әдеби экспозициямен толықтырыла түседі.
Мұражай-үй экспозициясы 5 бөлме мен 2 дәлізде қанат жайған. 
       Кіре беріс дәлізде Абай өмір сүрген дәуір, ата-тек, ұрпақтарға арналған шежіре және қыстау, қыстақтың тарихымен таныстырады. Абай үйінің жұмысшылары: Қатпа және Мақып Қорамжановтар, Мұхтар Бәшеевтің естеліктері үйдің бұрынғы жай-жапсарын қалпына келтіруде үлкен көмек тигізеді. Олардың естеліктері де экспозициядан  өз орнын тауып, көрермендерді Абайдың үй ішіндегі қарым-қатынастарын, дағды,әдеттерін көз алдарына елестетуге мүмкіндік беріп тұр.
        Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушылар: Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл, Шаһкәрім, Көкбай, Әріп, Әсет, Уәйіс шығармашылығымен экспозицияның арнайы бөлімі таныстырады.
        Заманында  Абай тұлғасы, қазақ даласына кең тараған туындылары ақын ауылына көрнекті ақын, әншілер, өнер адамдарын тартып тұратын.
Экспозиция бөлімдерінің бірі Абай ауылының қонақтарымен таныстырады. Олардың ішінде Біржан  сал  Қожағұлұлы, Мәди Бапиұлы, Абайдың шәкірттері: Әріп, Әсет,  Уәйіс ақындар бар. Абайдың ақындық айналасындағы өнерлі жастар ақынның жаңашыл шығармаларын ел  арасына таратады. Олар Абай дәстүрін жалғастыра орыс әдебиеті шығармаларын оқып, аудармамен де айналысады.
         Экспозицияның келесі бөлімі  Абай мен Семейге жер ауып келген орыс достарымен қарым-қатынасына арналған. Абай олармен танысқан соң орыс және батыс европа көркем, тарихи әдебиетін жүйелі, терең  түрде оқып зерттеуге бет бұрады. Олардың Абай ауылына келгені жайлы Абайдың немере інісі Кәкітай Ысқақұлының естелігінде  айтылады: Е.П.Михаэлис (28.12.1871 – 26.04.1972 ж.), С.Гросс (04.06.1884 –4 01.07.1884, Н.И.Долгополов (15.07.1885 – 10.08.1885)  Абай ауылының қонақтары болған. Жер ауып келген зиялы азаматтармен бірге  Абай  өлкетану және ағартушылық қызметімен айналысады.
Абай өлкетану  мұражайына этнографиялық заттар  жинауға көп үлес қосады, қазақтардың тұрмыс-тіршілігін тарихын, дәстүрлі заңдарын зерттеуге қолғабыс жасайды.
         Абайдың көзі тірі кезіндегі ақын шығармашылығына айтылған  пікірлерден бастап, М.Әуезовтың еңбектеріне  дейін көрініс тапқан абайтану іліміне жеке бір бөлім арналған.

Ас үй

       
       Бірінші дәлізден көреремендер ас үйге енеді. Бұл терезесі шығысқа шығатын үлкен бөлме. Кірген бетте сол жақта жоғарғы жағын күмбез тәріздес жасаған от-ошақ орналасқан. Онда екі қазан орнатылған. Біреуі үлкен, ет пісіруге арналған, ал екіншісі кішірек – басқа жеңіл тамақ дайындау үшін, ошақтың күмбез тәріздес жоғарғы жағы-булық  бөлмені будан сақтандыру үшін жасалған.
       Үй қолданысында болған ағаш ыдыстар: құрт езуге арналған астау, қымыз  ыдыстары. Бөлмеде жиһаз түрлері де бар: ас сақтайтын кебеже, биік асадал – тамақ пен ыдыс сақтайтын шкаф. Барлық жиһаз түрлері жергілікті
       шеберлердің жасағандары. Терезенің оң жағында беті сүйектелген ағаш төсек тұр. Төсектің тұсына Абайдың әйелі Ділдәнің тұскиізі ілінген: қара барқыт матаға қызыл матадан  жапсырма  техникасымен қазақи ою түсірілген
 
                                                                            Абай шығармашылығының Жидебай кезеңі

      Жидебайда ақын өмірінің соңғы 10 жылы өтті. Бұл кезең Абай шығармашылығының  аса өнімді жылдары. Осы он жыл ішінде 75-76 лирикалық өлеңі, 45 «қара сөздерінің» 27-сі,  Лермонтов, Крылов шығармаларының аудармалары жасалып, екі әні дүниеге келген еді. Абай үшін Жидебай ақындық шабыт пен философиялық толғаныстардың қайнар көзі болды.Екінші дәліздің экспозициясы Абайдың осы  Жидебай кезеңіндегі шығармаларына арналған.Экспозиция 90-жылдардағы лирикалық өлеңдермен ашылады. Абайдың бұл кездегі өлеңдері – биік  реалистік шеберліктің үлгілері. Шығармаларының көбі өмірдің мәні мен адамның өмірдегі алатын орнына байланысты үлкен философиялық толғаныста жазылған.
Ақынның лирикалық шығармалары «Қара сөздермен» үндесіп жатады.«Қара сөздер» 1890-1898 жылдар аралығында жазылған. Бұл ақынның өз-өзімен сұхбаты, көргені, оқығаны жайлы ойлары мен толғанысы. Ақынның ішкі дүниесін түсініп білуге арналған кілт деуге болады.
       Шығармадағы өмірдің мәні жайлы толғаныс тереңдігі, биік адамгершілік пафос пен тіл көркемдігі,  үздік стиль - барлығы осы шығарманы көрнекті  әдеби ескерткіштер қатарына қоюға мүмкіндік береді.
       90-жылдары Абай орыс әдебиетшілерінің ішінен М.Леромонтов пен И.Крылов шығармаларын аударады. Ақын аударған «Қанжар», «Теректің сыйы», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз» өлеңдерінің «Демоннан» үзінділер қазіргі уақытқа дейін Лермонтов шығармаларының қазақ тіліне аудармаларының ішіндегі аударма дәлдігі мен шеберлігі жағынан  ең үздігі болып саналады.
      

10

Қонақ бөлмесі

      Екінші дәлізден көреремендер қонақ бөлмесіне өтеді. Бұл бөлме аса үлкен болмаса да, ыңғайлы, жайлы. Еденге сырмақтар жайылған. Қабырғада түкті кілем. Жәдігерлер арасында қазақтың халық аспабы - қобызды көруге болады.

 

Жұмыс кабинеті

     
 Бұл бөлмеде ақын жұмыс істеді, кітап оқыды, өлең жазды. Бөлмеде сол шығармашылық қалып сақталып қалған тәрізді. Бөлменің ортасында - аласа дөңгелек үстел, бетіне кестелі дастархан жабылған. Үстел үстінде ақынның қалта сағаты, насыбай шақша, сия сауыт, қалам. Біраз сөз «Қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» еңбегінің қолжазбасындағы сия әлі кеппегендей. Қолжазбаның12 қасында тоғызқұмалақ тақтасы.
Қазақтың дәстүрлі жиһаздарымен қатар европалық жиһаздар да бар: кітап шкафы, жазу үстелі, айна, қабырға сағаты, шкаф сөрелерінде – ақынның сүйіп оқыған ктіаптары. Шығыс ақындарының шығармаларымен қатар орыс классиктерінің кітаптары, энциклопедиялық басылымдар да  бар. Жазу үстелінде – шам, шахмат,  дойбы мен өмірінің серігі – кітаптар орын алған.
      

Алдыңғы бөлме

 
Сол жақ қабырғада Құнанбайдың қажылық сапарға барғанда әкелген тақиясы – тарихи бұйым. Оны мұражайға тапсырған Абайдың шөбересі – Бағфұр Ақылбаев. Бөлме қабырғаларына  бірнеше фотосурет ілінген: Абай ұлдары Тұрағұл және Ақылбаймен; Абайдың ортаншы ұлы – Абдрахман, Абайдың інісі Оспан. Қазақтың ағаш төсегі жасаулы жиналып тұр. Ортада дастархан жабылған аласа дөңгелек үстел. Үстелде – күмістелген қымыз ыдыстары. Жарма пештің жанында  үлкен жез леген, құмған,  жиегі кестеленген орамал. Бұрышта Абайға Батыс – Сібір генерал-губернаторы барон Таубенің 1890 жылы  «Ынталы қызметі мен ерен  еңбегі үшін» марапаттаған мылтық ілулі тұр.

Еркежан  бөлмесі

      Еркежан – Абайдың інісі  Оспанның әйелі. Оспан қайтыс болғаннан кейін қазақтың әмеңгерлік салты бойынша Абай Еркежанды өзі алады. Еркежанның тәрбиесінде Ақылбай балалары - Әубәкір мен Пәкизат бар еді. Өмірінің барлығын Жидебайда өткізгендіктен, сақталған заттардың көбі - Еркежанның   заттары. Әйелдердің әшекей заттары жеке көрсетілген. Оң жақ бұрышта – жиналған ағаш төсек.
14
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив