Абай еңбектері-әлем мұрасы » Страница 13 » Өскемен қаласы әкімдігінің "Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 60-89-15
Есепші бөлімі:
+7(7232) 60-88-54
Кезекші бөлімі:
+7(7232) 75-19-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
Letter to Abai
19
ақпан
2020
Letter to Abai
Letter to Abai Abai(Qunanbaiuly) was a Kazakh poet, composer and philosopher. He was also a cultural reformer toward European and Russian cultures on the basis of enlightened Islam. His name is sometimes russified to “Abai Kunanbayev”. The leaders of the Alash Orda movement saw him as their inspiration and spiritual predecessor. He left us a great legacy, therefore, it depends on us whether we could proceed to bright future with such fortune or not. I think that Abai isthe  most remarkable
Letter to Abai
19
ақпан
2020
Letter to Abai
Letter to Abai        Dear Abai Ata! This year we are celebrating your 175th birthday. Everybody knows your poems and words from their childhood. Kazakh people are proud of your creativity and talent. Nowadays Kazakhstan is famous thanks to your labour.       Personally, I really love your songs. Especially "Желсізтүндежарықай". Every time I listen to this song and remember my childhood when I used to live with my grandparents in the village. In the evenings my grandmother sang me your songs.
Абай Құнанбайұлына арнау
19
ақпан
2020
Абай Құнанбайұлына арнау
Абай Құнанбайұлына арнау Абай  атам  ақын әрі жазушы, Өлеңдері терең ойға саларлық . Мен де бір шәкіртімін Абай атамның, Үлгі тұтып тәрбиесін    аларлық. Өлеңдері дария мыңнан астам.   Жас кезінен бастап –ақ   өлең  жазған. Абайдың  175 жылдығын тойлап жатыр, Абайдың  даңқы бар көктен асқан. Абай деген атамның қарасөзі, Жамандарды жақсы жолға салатындай. Абайдың бойы ұзын, қара көзі, Адам көрсе таңырқап қалатындай                                                                   Оралханова
Онегиннің сипаты
18
ақпан
2020
Онегиннің сипаты
(А. С. Пушкиннен) Жасынан түсін билеп, сыр бермеген, Дәмеленсе, күндесе, білдірмеген. Нанасың не айтса да, амалың жоқ, Түсінде бір кәдік жоқ алдар деген. Кейде паң, кейде көнгіш орныменен, Кейде елеусіз, кейде ынтық формыменен. Кейде үндемей жүрсе де сөзге баяу, От жалындай жауапкер құрбыменен. Ғашықтық сөзге жүйрік әсіресе, "Дем алысым, құмарым – бір сен" десе. Жанын құрбан жолына қылған жансып, Көз қарауы құбылар әлденеше, Кейде ұялшақ, төменшік, кейде тіп-тік, Қамыққансыр, қайғырып, орны
Кең жайлау
18
ақпан
2020
Кең жайлау
(М. Ю. Лермонтовтан) Кең жайлау – жалғыз бесік жас балаға, Алла асыраған пендесі аш бола ма? Ержеткен соң сыймайсың кең дүниеге, Тыныштық пен зар боларсың баспанаға.
Қараңғы түнде тау қалғып
18
ақпан
2020
Қараңғы түнде тау қалғып
(И.В. Гете — М.Ю. Лермонтовтан) Қараңғы түнде тау қалғып, ¥йқыға кетер балбырап. Даланы жым-жырт, дел-сал қып, Түн басады салбырап.   Шаң шығармас жол-дағы, Сілкіне алмас жапырақ. Тыншығарсың сен-дағы, Сабыр қылсаң азырақ.
Бородино
18
ақпан
2020
Бородино
(М. Ю. Лермонтовтан) – Айтшы, аға, неғып жеңілдік Мәскеуде емес тегіндік, Болған білем соқтығыс, Емес білем аз жұмыс. Ұмытпайды еш орыс, Бородинде көргенді. – Ондағы біздің адамдар, Сендердей емес, балаңдар. Қиын тиді оларға Аз кісі-ақ қайтып санарға. ............................................ Қол салмаққа кәртечке1 Ол күн болды, күн кешке, Қас қарайып, болды түн. ........................................... Штык, қылыш қайрасып, Ширатып мұртын шайнасып, Ашулы солдат қыстықты: «Қойса екен
Татьянаның Онегинге жазған хаты
18
ақпан
2020
Татьянаның Онегинге жазған хаты
(А. С. Пушкиннен) Амал жоқ – қайттім білдірмей, Япырмау, қайтіп айтамын? Қоймады дертің күйдірмей, Не салсаң да тартамын. Талайсыз, бақсыз мен сорлы, Еріксіз аттап ұяттан, Қорлыққа көндім бұл құрлы, Байқалар халім бұл хаттан. Әлімше мен де ұялып, Білдірмен дедім өлсем де. Шыдар ем күйіп, мен жанып, Айында бірер көрсем де. Болмады көріп қалуға, Есітіп біраз сөзіңді. Шыдар ем бір ай жатуға, Ұзақ түн жұмбай көзімді. Қызықтан қашып бұл жерге Көңіліңіз суып келіпсіз. Мәнісін сұрап бірерге, Тілдесе
Шегіртке мен құмырсқа
18
ақпан
2020
Шегіртке мен құмырсқа
(И. А. Крыловтан) Шырылдауық шегіртке Ыршып жүріп ән салған. Көгалды қуып гөлайттап, Қызықпен жүріп жазды алған. Жаздыгүнгі жапырақтың Бірінде тамақ, бірінде үй, Жапырақ кетті, жаз кетті, Күз болған соң кетті күй. Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ, Өкінгеннен не пайда? Суыққа тоңған, қарны ашқан Ойын қайда, ән қайда? Оныменен тұрмады, Қар көрінді, қыс болды. Сауықшыл сорлы бүкшиді, Тым-ақ қиын іс болды. Секіру қайда, сүрініп, Қабағын қайғы жабады. Саламда жатып дән жиған Құмырсқаны іздеп табады.
Теректің сыйы
18
ақпан
2020
Теректің сыйы
(М. Ю. Лермонтовтан) Асау Терек долданып, буырқанып, Тауды бұзып жол салған, тасты жарып. Арыстанның жалындай бұйра толқын Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып. Кавказдан шықты жайнап, қылып у-шу, Түзу жерден жол кернеп ұлғайды су. Қалың қайрат бойында, беті күліп, Момынсынған пішінмен ағады қу. Кавказдай құзда туған перзенттенмін, Бұлттың сүтін еміп ержеткенмін. Казбектен, ағам, сені көксеп шығып, Кім қақтықса жолымда күйреткенмін. Зор кеуде адамзаттың айласына Көнбей, бүгін күшімді көрсеткенмін.