Абай еңбектері-әлем мұрасы » Страница 14 » Өскемен қаласы әкімдігінің "Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 60-89-15
Есепші бөлімі:
+7(7232) 60-88-54
Кезекші бөлімі:
+7(7232) 75-19-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
Онегин сөзі
18
ақпан
2020
Онегин сөзі
(А. С. Пушкиннен) Хатыңнан жақсы ұғындым сөздің бәрін: Кірі жоқ, кіршігі жоқ мағыналарын. Жасырмай, жастықпенен, нанғыштықпен Айтыпты шыншыл тілің бар іңкәрін. Жасырмай жас жүректің жанған жайын, Айтуға тілің мұнша қайдан дайын? Жанып, сөніп, суынып қалған көңілім Қобалжиды хатыңды көрген сайын. Қалмаған Онегиннің ешбір бағы, Өтіп кеткен жүректің отты шағы. Мінсіз тілмен сөзіңді жазыпсың-ақ, Ұнатпаған жерім бар сүйтсе-дағы. Болса да сән-салтанат, қызық, әсем, Тез жалығып айнимын, тұрлауым кем.
Жартас
18
ақпан
2020
Жартас
(М. Ю. Лермонтовтан) Қонады бір күн жас бұлт Жартастың төсін құшақтап. Жөнелді ертең, қалды ұмыт, Көк жүзіне ойнақтап. Ажымды жүзі тершіген Кәрі жартас таң қапты: — Бәрі осы-ay,— деп,— құз деген, Томсарып тұрып жылапты.
Қарға мен бүркіт
18
ақпан
2020
Қарға мен бүркіт
(И. А. Крыловтан) Қой жайылып жаздыгүн Шыққан екен қияға. Аспаннан бүркіт құйқылжып, Сорғалап келіп ыраға¹, Бір қозы іліп ап кетті Құздағы қиын ұяға. Екпіні күшті ер үшін, Еңбек қылды жем үшін Ұядағы балаға. Көрді де мұны бір қарға, Желікті бір іс бастарға: "Қозыны да тамақ деп, Кім ап шықсын тастарға! Ең семізін ілейін Қызық қылып ашарға",— Деді-дағы, аралап, Жабысты келіп қошқарға. Қалшылдап, дірілдеп Тырнағын салады, Қанатын қайқайтып, Әкетпек болады. Бүркіттей емес екені Кешікпей-ақ
Ескендір
18
ақпан
2020
Ескендір
Осы жұрт Ескендірді біле ме екен? Македония шаһары — оған мекен. Филипп патша баласы, ер көңідді, Мактан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.     Филипп өлді, Ескендір патша болды, Жасы әрең жиырма бірге толды. Өз жұрты аз көрініп, көршілерге Көз алартып қарады онды-солды.     Сұмдықпен ғаскер жиып қаруланды, Жақын жерге жау болды, тұра аттаңды. Көп елді күтінбеген қырды, жойды, Ханды өлтіріп, қаласын тартып алды.     Жазасыз жақын жердің бәрін шапты, Дарияның суындай қандар ақты. ІІІапқан елдің бәрін
Әзім әңгімесі
18
ақпан
2020
Әзім әңгімесі
Бір сөзім «Мың бір түннен» оқып көрген, Өлең қып сол сөзімді айтқым келген. Болыпты ағайынды екі жігіт, Бағдатта Мұстапа мен Сапа деген.     Екеуі жетім еді әкесі өлген, Талаптан, жетімбіз деп, бос жүрмеген. Тігінші, кестеші еді кіші інісі, Мұстапа суретшілік ғылым білген.     Екеуі екі айрылмақ қамын жеген, Бір шетке кетпек болып жұрт көрмеген. Мал тапқаны бір іздеп таппақ болып, Серт қылып, бір-біріне уәде берген.   Екеуін екі жақка тағдыр бөлген Жандар емес қатерден әсте именген. Шын,
Масғұт
18
ақпан
2020
Масғұт
Я, алла, құрметінде достың Махмұт[1], Тілге жар бер, білінсін тура мақсұт. Арун-Рашид халифа заманында Бағдатта бір жігіт бар аты Масғұт.   Шаһардан бір күн Масғұт шықты тысқа, Барды ма кезі келіп бір жұмысқа? Бір ұры бас сап тонап жатқан жерде Кез болды бір бишара шал байғұсқа.   Шал байғұс айғайлайды аттан салып, Айырып алған жан жоқ оны барып. Кім де болса бір ерлік қылайын деп, Масғұт ұшты ұрыға оңтайланып.   Масғұтты ұры шапты қылышпенен, Тәуір-ақ жан сақтапты жұмыспенен. Есен-аман шал
Абайдың даналық сөздері
18
ақпан
2020
Абайдың даналық сөздері
▪Адал жүріп, адал тұр. ▪Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. ▪Адам баласына адам баласының бәрі – дос. ▪Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек – дұрыс іс. ▪Адамзат – бүгін адам, ертең – топырақ. ▪Адамшылықтың алды – махаббат, ғаделет. ▪Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы – қиын
«Абай жолы» роман-эпопеясы
18
ақпан
2020
«Абай жолы» роман-эпопеясы
                Абайды Абай еткен Мұхтарғана,          Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана. Қазақтың қос арысы, қос данасы. Қалайша бас имессің оған, сірә.        «Абай жолы» - Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы - қазақтың тұңғыш эпопеясы. 1-кітабы 1942, 2-сі 1947, 3-сі 1952, 4-томы 1956 ж. жарыққа шықты. Эпопеяның «Абай» атанған алғашқы екі кітабына КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949), «Абай жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық (1959) берілді. «Абай жолы» арқылы қазіргі