«Абай- дана, Абай – дара қазақта» 5-"А" сыныбы
«Абай- дана, Абай – дара қазақта» атты тақырыпта өткен тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Абай- дана, Абай- дара қазақта»
Мақсаты: Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев өмірбаянымен және шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа, Отанын сүюге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылардың белсенділіктері жоғары болды. Оқушылар өте жылдам жұмыстарды орындады. Интербелсенді тақтадан бейнематериалды көру арқылы тәрбие сағатының тақырыбын анықтады. Белсенділікпен жұмыла талқылау сұрақтарына жауаптар берді. Тақырып бойынша бірнеше сұрақтар беріліп, тапсырмалар орындалды. Тапсырмалар дұрыс орындалып мақсатына жетті. Оқушылармен жекелей де жұмыстар жасалынды. Түсінгендіктерін тексеру мақсатында тағыда бірнеше тапсырмалар берілді. Оқушылар топпен «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындап шықты. Қуанышбек Қайсар домбырамен «Көзімнің қарасы» әнін нақышына келтіре орындады. Тәрбие сағаты соңында кері байланыс жасалынды. «Не білдім?», «Не білемін?», «Нені білгім келеді?» атты кесте және «Мерседес әдісі» бойынша толтырылып тәрбие сағаты қорытындыланды. Өтілген тәрбие сағаты оқушылар көңілінен шықты, қызығушылықтары жоғары, өте белсенділікпен қатысты. Сабақ мақсатына жетті.
