5-"Ә" сыныбы
Абай –дана, Абай – дара қазақта!
Сынып: 5 «Ә»
Сынып жетекші: Әбішова А.Ә
5 «Ә»-сынып оқушыларымен ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай тәрбие сағаты өткізілді. Оқушыларға алдын ала үй жұмысына Абай туралы жалпылама мәлімет жинап, зеріттеп келуге тапсырма берілген. Оқушылар тапсырманы бұлжытпай орындап, сабаққа белсене қатысты. Сабақ барысында 4-топ жұмыс жасады. Абай Құнанбаевтың өмір баянына қысқаша шолу жасап, Абай туралы басқа ақын-жазушылардың өлең жолдары оқылып талданды. «Абай Құнанбаев кім?», «Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?», «Абай туралы не білеміз?», т.б. сұрақтарды «Түймедақ гүлі» әдісін қолдана отырып топпен жұмыс жасалып, әр топ өз сұрақтарының жауаптармен тақтада бөлісті. Сабаққа балалар қызығушылықпен қатысты. Әрбір оқушы Абай туралы қойылған сұрақтар мен тапсырмаларға белсене жауап беруге тырысыты. Абайды зертіттеген ақын жазушылармен, ғалымдармен тансты. Абайдың «Жиырма бірінші қара сөзі», «Он сегізінші қара сөзін» оқып – оқушылар өз ойларымен бөлісті.
