7-"Ә" сыныбы
Сынып: 7 «Ә»
Сынып жетекшісі: Бикенова С.А
Сабақтың тақырыбы:
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музықалық іс шара
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Сараптама: Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келгені туралы. Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келе жатқаны туралы мәлімет алды. «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс», – деген Еліміздің алғаш президенті Н. Ә. Назарбаев.
– Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс
Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек еткені туралы, Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырғанын, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған»атты музықалық іс шара жоғары дәрежеде өтті.
