Мектебімізде экологиялық сағат өткізілді
Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ 2019 жылдың 3 қазанында Қазақстан Республикасының Экология геология және табиғи ресурстар министрлігі және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, өскелең ұрпақты табиғи ресурстарды күту, сақтау мәселелеріне тарту мақсатында өткізілген Республикалық экологиялық сағат өткізуге қатысты. Мектебімізде экологиялық сағат өткізудің негізгі мақсаты оқушылармен табиғатқа, туған өлкеге ұқыпты қарау, табиғи ресурстарды сақтау, өсімдік пен жануарлар әлемін, су ресурстарын сақтау, экологиялық сауаттылықты сақтау болды.
Мектебіміздің барлық сыныптарында Қазақстанның экологиялық ұйымдар Төралқасының Төрайымы Ә.Н.Назарбаеваның балаларға және ата-аналарға арналған бейне – жолдауы басшылыққа алына отырып Экологиялық сабақтар жүргізілді. Экосағаттар өткізу барысында оқушылардың жас санаттарына сәйкес сабақтар әзірлемелері, анимациялық және бейне материалдар пайдаланылды.
Мектеп ауласындағы ауған соғысының ардагерлеріне арнайы жасалған аллеяның жанына жасыл желектер отырғызу барысында мектебіміздің 2019-2020 оқу жылының түлектері, яғни 11 «А» және 11 «М» сынып оқушылары, мектеп әкімшілігі, ата-аналар және жергілікті өзін-өзі басқару комитетінен арнайы келген қонақтар қатысты.
Аллея маңайында жасыл желектер отырғызу барысында 50 мектеп оқушылары мен 45 ата-ана, 60 мектеп ұстаздары жалпы саны 10 қайың ағашы мен 30 қарағаш және 10 шырша отырғызылды.
Шарамызға арнайы келген қонақтар өзін-өзі басқару комитетінің бас мамандары Мырзаханов Әсет Сержанұлы мен Тоқаев Сержан Асылбекұлы ата-аналар мен мектеп оқушыларын құттықтап, сөз сөйледі.
Іс-шараны өткізу барысында 10-сынып оқушылары Әлімханова Айғаным мен Арманұлы Әлихан белсенді қатысып, әртүрлі ойындар жүргізді.
Қорытындылай келе, Республикалық Экологиялық сағат мектеп әкімшілігі, оқушылар мен ата-аналардың, мектеп ұстаздарының қатысумен жоғары деңгейде өтті.









