07
қыркүйек
2021
«Мектепке жол» акциясы жалғасуда
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында жыл сайынғы "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы 2019 жылдан бастап жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылды.
2021-2022 оқу жылында мектептің атаулы әлеуметтік көмек алатын 11 отбасының 19 оқушысына «Алтын Стом» медициналық орталығы демеушілігімен мектепке ұстайтын сумка мен оқу құралдары табысталды.
Мектеп қамқорлық кеңесі мүшелерінің көмегімен биылғы жылы 1 -сыныпқа баратын көпбалалы отбасының 9 оқушысына мектеп құралдары мен сумка жабдықтары алынып берілді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті көпбалалы отбасынан шыққан 2 оқушыны «Мектеп жол» акциясы барысында толығымен қамтамасыз етті.
Ата –аналар мен оқушылар көрсетіліп жатқан көмекке ризашылықтарын білдірді.


