"Мәңгілік даңқ" шеруі » Өскемен қаласы әкімдігінің "Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 60-89-15
Есепші бөлімі:
+7(7232) 60-88-54
Кезекші бөлімі:
+7(7232) 75-19-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
мамыр
2019

"Мәңгілік даңқ" шеруі




           Өзен вокзалы ауданынан сап түзеген шеру Славский жағалауымен «Даңқ» мемориалына бет алды. Қаладағы кадет корпустарының, мектептердің оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттерінен, сондай-ақ кәсіпорындардың, мекемелер мен мемлекеттік органдар қызметкерлерінен, және де қарапайым қала тұрғындарынан құрылған шеру «Мәңгі алауға» жетіп гүл шоқтарын қойды.
          «Бұл күн аға ұрпақтың ерлігі дәріптелетін күн. Жүздеген ұлттың ұйыса жеткен жеңісінің нәтижесін кейінгі ұрпақ біз көріп отырмыз. Екінші Дүниежүзілік соғыс қай қазақстандықтың болмасын отбасын айналып өткен емес. Біріміздің атамыз, біріміздің әкеміз, енді біріміздің ағамыз қан майданда жан беріспей соғысты. Қазақстаннан 1,5 миллионнан астам әскерге шақырылып, олардың жартысы майдан даласында қаза тапты. 490 қазақстандық асқан ерлігімен көзге түсті. Олардың ішінде Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды апаларымыз бен екі дүркін Кеңес Одағы Батыры атағын алған Талғат Бигельдиновтар болды. Соғысқа аттанған 180 мың шығысқазақстандықтың 83 мыңы қаза болып, 109 шығысқазақстандық Кеңес Одағы батыры атағына ие болды», - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
          Салтанатты шерудің соңы мерекелік концертке ұласты. «Даңқ» мемориалы жанында құрылған сахнада қаланың көркемөнерпаздар ұжымы концерттік бағдарламаларын көрсетіп, Екінші Дүниежүзілік соғыста қолданылған әскери техникалар көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ мерекелік шара қонақтарына «сарбаз ботқасы» таратылды. Кешкілік аталмыш мемориал маңында концерттік бағдарлама жалғасын тауып, соңы мерекелік отшашуға ұласты.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив