02
шілде
2019
Ауған соғысы ардагерлеріне арналған аллеяның ашылу рәсімі
2016 жылы Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ жанынан Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Ауған соғысы ардагерлеріне арналған аллеяның құрылысы басталған болатын. 2019 жылы 30 маусым күні КМ компаниясының төрағасы және Ауған соғысы ардагері Мусин Қайрат Маратұлының демеушілігімен жасалған аталмыш аллея тақтасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Жиынға республика, облыстан қонақтар және Ауған соғысы ардагерлері, мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты. Жиында мемлекеттік Әнұран орындалып, бақилық болған батырларға 1 минут үнсіздік жарияланды. Одан кейін Қ.М.Мусин сөз сөйлеп, аллеяның төріне орнатылған Ауған соғысы ардагерлеріне арналған тақтаның маңыздылығына тоқталып, іс-шараның ізгі іске бастама болуына тілектестік білдірді. Салтанатты жиын өте жоғары дәрежеде өтті.
Аллея жастарымызды патриоттыққа тәрбиелеп, ел игілігіне қызмет етуге өз септігін тигізері анық. Отан үшін от кешкен ардагерлеріміздің абыройын асқақтатып, құрметін арттыратын осындай игі істер көп болса екен деп тілейміз.