Мектептегі психологиялық қызмет

Адамзат дамуында психология ғылымының атқарар қызметі зор яғни психология ғылымынсыз өркениетке қол соза алмаймыз. Сондықтан психология ғылымның біздің өміріміздің барлық саласына еніп,барша жұртқа қажетті білімнің біріне айналуы бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Психологиялық қызмет жұмысына әр оқу жылына арнап жоспар құрылып, бекітіледі.Психологилық қызмет негізінде білім беру үрдісінін жақсарту мақсатында барлық сыныптардан педагогикалық-психологиялық диагностика алынып,қорытындысы бойынша барлық сыныптарға педагогикалық-психологиялық мінездеме беріледі. Шыққан қортындылар мен мінездемелер жұмыс жүйесін жақсарту мақсатында барлық сынып жетекшілерге берілді.
Мектепалды даярлық сыныбына оқушылар қабылданып, психологиялық тұрғыда тексерілді. Срнымен қатар 5- сыныптардың жоғары буынға өтудегі дағдарыстары анықталып, қорытындысы директор жанындағы отырыстарда қаралды.
Мектебіміз 2015-2016 оқу жылына дейін 12 жылдық білім беруге эксперимент мектеп ретінде жұмыс жүргіген. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі 12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми практикалық орталығына әр жыл бойынша мектептегі оқыту мазмұнын жетілдіру жөніндегі психолого-педагогикалық диагностикасының қорытындысы бойынша есеп беріліп отырды. Жалпылама мектеп бойынша әр жыл сайын сыныптардан жоспар бойынша әртүрлі бағытта диагностикалар жүргізіліп отырды.
Алынған диагностика қорытындылары оқу- тәрбиесінде мыналарды қалыптастырды.
1.Диагностикалау арқылы оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктері анықталынады.
2.Диагностика қорытындысы бойынша пән мұғалімдеріне, сынып жетекшісіне, ата-аналарына диагностика қорытындысына сәйкес нұсқау беріледі.
Сұраныс бойынша жеке тұлғаға коррекция
Әр оқу жылында мектебімізде қажетіне қарай жеке тұлғаға сонымен қатар сұранысқа қарай ата-аналармен жұмыс жүргізілді. Жартысынан көбі оң көрсеткіште.Көбінесе кеңес алушылар психологтың ұсыныстарын орындамайды, қайтара кеңеске келмейді. Осының салдарынан үнемі өз жұмысыңның қорытындысын байқай алмай жатамыз. Бұл мәселелерге оқу мотивация мәселесі, оқушы, ата-ана мәселесі, жасөспірімдер мәселесі жатады.
Топтық коррекциялық жұмыс
Оқу жылы ішінде коррекциялық жұмыстар сұраныс және жоспар бойынша атқарылады. Жоспарлы коррекциялық жұмыстар нашақорлыққа қарсы профилактикалық тренинг, ҰБТ дайындалуға тренинг. Статистикалық мәлімет болмағанымен, педагогтар мен ата-аналар жасөспірімдердің мінез құлқында,эмоциясында өзгерістер барын байқады.
Нашақорлыққа профилактика
Міндеті:
1.Шылымға құмарлық, спирттік ішімдіктерге тәуелді балаларды анықтау.
2.Нашақорлыққа қарсы профилактикалық жұмыс.
Биылғы оқу жылында тәрбие ісінің меңгерушісі мен әлеуметтік педагогтермен бірігіп келесі шаралар өткізілді.
1.Темекіге әуестерді бақылау.
2.Тренингтер
Мектебіміздегі оқушыларды есірткі заттарын қолдану немесе алдын – алу шараларын анықтау мақсатында ата –аналардың келісімімен экспресс –тест алынады. Қорытындысмен ата –аналары таныстырылады.
«Қиын» оқушылар
Тәрбие тәсілдері әрбір жастың жеке адам ретінде ерекшелігін ескеруге, оның шексіз мүмкіндігін пайдалануға жалпы білім беретін мектептерде де қиын оқушылар кездеседі. Бақылауды қажет ететін оқушылармен үнемі жеке жұмыс жүргізіледі. Қандай да бір келеңсіз жағдайлар кездескен жағдайда, оны болдырмаудың жолын қарастырамыз. Жыл ішінде кәмелетке толмаған балалардың құқығы жөнінде құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесулер өткізілді. Сабаққа сирек келетін, қатысатын, тәрбиесінде ауытқуы бар оқушыларды анықтап осы жөнінде сынып жетекшісімен ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізетін қызметкерлермен бірлесе отырып жұмыстар жүргізілді.
Суицидтің алдын –алу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру
Қазіргі қоғамда суицидттік мінез –құлық актілері көптеп тіркелуіне байланысты, алдын – алу жұмыстары жолға қойылды. Білім беру бөлімінің балалар мен жасөспірімдердің суицидттік мінездердің алдын –алу бойынша ұсыныстары негізінде жұмыстар үнемі жүргізіледі Оқу жылы басында суицидтік іс - әрекеттің алдын – алуға байланысты арнайы жоспар құрылады. Онда бақылау мен әңгімелесу арқылы қиын өмірлік жағдайға тап болған оқушыларды анықтау көзделген. Арнайы әдістемелер көмегімен оқушылардың суицидке қатынасын анықтаймыз. Мектеп өмірінде жағымды , қолайлы жағдай туғызатын көптеген тәрбиелік іс –шаралар жүргізіліп отырады.
Коррекциялық-дамытушылық бағдарламасы келесі бағытта жүргізілді
1.Мектепалды даярлық сыныбы оқушылармен коррекциялық-дамыту бағытындағы жұмыстарға психологиялық көмек.
2.1,2,3 сыныптағы үлгермеуші оқушылармен жұмыс
3.4,5,6 сыныптардың оқушылармен коррекция
4. Сұраныс бойынша жеке тұлғаға коррекция
5. Топтық коррекциялық сабақ
Әр оқу жылында педагогикалық ұжымның психологиялық климат деңгейі анықталады. Қортындысынды оң жағымды психологиялық климат көрсетуде.
-эмоционалды компанент (ұжым мүшелері арасында эмоцияналдық және жеке қатынасының ерекшелігі)
- когнетивті компанент (ұжым мүшелерінің профессионалды және жеке сапасы)
Педагогтердің негізгі контигенті аралық қатынаста орта деңгей болып шығады.
Бұның бәрі ұжым мүшелерінің үйлесімділігін көрсетеді. Педагогтер «Инварианттық блок» бойынша тестіленді.Ұжым атмосферасын анықтау үшін тест алынады.
Ата-аналарды диагностикалық зерттеу
Әр жыл сайын сынып жиналыстарына қатысып ата-аналардан әр түрлі мақсаттарда сауалнамалар алынып отырады. Сонымен қатар әртүрлі тақырыптардакеңес, ұсыныс, дәрістер оқылып отырылды.
Психологиялық ағарту
Әрбір оқу жылдарында педагогикалық кеңесте, директор жанындағы отырыста, сынып жетекшілер, пән бірлестіктерінде, ата-аналар жиналыстарында әртүрлі тақырыптарда баяндамалар оқылып тұрады.
Дамыту –түзету жұмыстары
Әрбір зерттелінген жұмыстардан кейін қорытынды бойынша оқушылар мен мұғалімдермен кезігіп әңгіме жүргізіліп, ұсыныстар, кеңестер беріліп, түзету жолдары ұсынылған
Психологиялық кеңестер
Педагогтар, оқушы, ата-ана тарапынан жеке сұрақтарға психологиялық кеңестер берілген.
Емтихан, олимпиада кезеңі –жауапты, әрі толқынысты, мазасыздық пен көңіл-күй тербелісі, мінездің көрінетін кезеңі болғандықтан оқушыларды емтиханға даярлау үшін аутотренингтер мен әңгіме, психологиялық кеңестер жүргізіліп тұрады.
Әрбір оқушыға жүргізілген диагностикалық және психологиялық зерттеулердің қорытындылары бойынша педагогтар мен оқушыларға психологиялық кеңестер беріліп отырылады.
Құжаттармен жұмыс
Жыл бойында жүргізілген жұмыстар сараланып, талданып қорытынды есеп жасалынған. Келесі оқу жылында жылдық жоспар құрылады. Зерттеу қорытындылары оқушылардың жеке карталарына, сынып папкаларына тіркеледі. Педагогтарға ұсыныстар беріліп, жеке папкалар, тіркеу дәптерлері толтырылып отырылады.