Оқушылардың сыртқы көрінісі туралы мектеп ережесі » Өскемен қаласы әкімдігінің "Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 60-89-15
Есепші бөлімі:
+7(7232) 60-88-54
Кезекші бөлімі:
+7(7232) 75-19-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
наурыз
2019

Оқушылардың сыртқы көрінісі туралы мектеп ережесі

                                                                   Мектеп ережесі
                                                       Оқушылардың сыртқы көрінісі
1. Оқушылар мектепке мұнтаздай болып киініп келуге міндетті (таза, жинақты, ала-құла емес). Мектепке, көшеге киетін аяқ киімі таза болуы керек.
2. Оқушылар мектепте жинақы, ерсі көрінбейтін шаш қою үлгісімен жүруі керек, бет орамалы болуы тиіс.
3. Оқушылар дене, қол, тіс, мұрын тазалығын қадағалауы қажет, жағымсыз, балағат сөздерді айтуға тыйым салынады.
4. Өзінен үлкен оқушымен сөйлескенде орнынан тұруы керек. Қолды жан қалтаға салуға болмайды. Еркін түрде қарым-қатынасты үлкендердің рұқсатымен жасауы керек.
5. Салтанатты сәттерде киілетін киім сол сәтке сәйкес болу керек. Ер балалар ақ көйлек, қара, көк түсті костюм, бәтеңке киюі (егер жасы 14-тен асса, галстук тағу керек), ал қыздар ақ түсті кофта, қара, көк түсті юбка, костюм киюлері керек. Аяқ киімі костюміне сәйкес, (өкшесі биік емес) болуы керек. Косметика мен әсемдік бұйымдарды пайдалануға тыйым салынады.
6. Дене тәрбиесі, еңбек сабақтарындағы киім мен аяқ киім директордың арнайы бұйрығымен ұсынылады.
7. Мектепте және қоғамдық жерлерде темекі тартуға мүлдем рұқсат етілмейді.
Оқушы егер 1-6 пунктті бұзса, онда өзін тәртіпке келтіру үшін үйіне жіберіледі.
Ал, егер 7 пунктті бұзса, шешім шығару үшін оқушылар шақырылып алынып:
• ата-анасына хабарланады;
• ата-аналары мектепке шақырылады;
• мектеп дәрігері мен психологына әңгімелесуге жіберіледі;
• әкімшілік кеңесіне шақыру;
• педагогикалық кеңеске шақыру;
• ата-аналарымен шақыру;
• тәртіпті бұлтартпау шараларын қабылдау үшін мектеп кеңесіне
шақырылады;
Оқушылардың мектепке келуі
1. Мектепке кірген кезде оқушы кезекші әкімшілікпен, мұғаліммен, жолдастарымен сәлемдеседі, аяқ киімін сүртіп өзі (сынып кабинетіне, шешінетін орынға) шешінеді.
2. Шешетін орнында оқушылар өздерін тыныш ұстап, тез шешінеді, кешікпейді, ойнамайды.
3. Шешінетін бөлмеден шығарда кезекші мұғалім оқушының сыртқы түрін бағалайды (оқушы ережесінің 1-6 пунктіне сәйкес болуы керек).
4. Барлық оқушылар таңертеңгілік жаттығуларға қатысуы тиіс.
5. Барлық оқушылар сабақ басталардан 5 минут бұрын орындарында болуы міндетті.
6. Кешіккен оқушыны кезекші мұғалім есепке алады, күнделіктеріне кешіккені туралы жазу жазады.
7. Оқушыларға сабаққа ұялы телефон әкелуге мүлдем тыйым салынады.
8. Мектеп оқушыларына мектеп территориясын және оның айналасын ластауға тыйым салынады.
9. Мектеп мүлкін бұзуға қатаң тыйым салынады.
10. Әрбір оқушы мектептің тазалық күндерінде белсенді үлес қосып, қатысып отыруы міндетті.
11. Оқушылар мектеп жанындағы учаскелерді көгалдандыруга қатысуға міндетті.
Оқушыларға сабақ кезінде қойылатын талаптар
1. Оқушылар бірінші қоңыраудан кейін өздерінің столына келіп, сабаққа қажетті заттарын дайындайды.
2. Мұғалім кіріп келгенде, оқушылар орындарынан тұрады.
3. Сабақ басталардан бұрын кезекші оқушы сабақта жоқ оқушылардың тізімін мұғалімге береді.
4. Кешіккен оқушылар оқу-тәрбие ісі меңгерушісінің рұқсатымен сабаққа жіберіледі.
5. Мұғалім сабаққа қажетті нәрселер: бор, таза тақта, сүрткіш болған жағдайда ғана сабақты бастайды.
6. Оқушы столында ешқандай қажетсіз нәрсе болмауы тиіс. Әр сабақтың қажетті сәтіне байланысты (мысалы: өзіндік жұмыстар) мұғалім белгілеген нәрселер болуы тиіс.
7. Оқушылар жауап беруге шақырылғанда тұрып, тақтаның алдына шығуы керек. Баға қойдыру үшін мұғалімге күнделігін беруі керек.
8. Кей жағдайда оқушы орнында тұрып, не отырып жауап береді оны мұғалім анықтап береді.
9. Оқушы жауап бергенде, не бірдеңені сұрағанда қолын көтереді. Басқа жағдайларға байланысты мұғалімнің назарын аударуға болмайды.
10. Оқушылар жауап беріп тұрғанда, бетін оқушыларға қаратып, ал орнында тұрғанда, мұғалімге қарап айту керек. Оқушы дауыстап, ұғымды асықпай жауап беруі керек. Тақтаға ұқыпты, айқын жазады. Тақтадағы плакатты, картаны, схеманы т.б. пайдаланғанда, оқушы жартылай оқушыларға қарап тұрып, таяқшаны оң не сол қолына алып тұрып, қажетті нәрсені көрсетеді.
11. Столда отырған кезде оқушы өзінің мүсінін, басын, аяғын дұрыс ұстауы қажет. Оқушы мұғалімнің талабын орындауы керек.
12. Оқушылар сабақ біткен соң, мұғалімнің айтуымен орындарынан тұрып, жаймен кластан шығу керек.
13. Сабақ кезінде оқушылар біреуден көшіруге, айтуға болмайды.
14. Оқушылар ережесінің 1-5,7-11-пункттерін бұзған оқушыларға сынып жетекшілері төмендегі шараларды қолданады:
• Ата-анасына хабарланады;
• Ата-аналары мектепке шақырылады;
• Мектеп дәрігері мен психологына әңгімелесуге жіберіледі;
Оқушылардың міндеттері
1. Әрбір адамның ар мен намысын құрметтей отырып, өзін кез-келген жағдайда лайықты ұстау.
2. Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге, ынтамен жұмыс істеу, сабаққа жүйелі түрде дайындалу, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.
3. Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.
4. Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп директорының, мұғалімдердің, педагогикалық ұжымының нұсқаулары мен бұйрықтарына, сондай-ақ сынып жетекшісінің нұсқаулары мен бұйрықтарына, сондай-ақ сынып жетекшісінің нұсқаулары мен мектептің қарарларына бағыну.
5. Мінез-құлық ережелерін сақтау:
• үлкендерді құрметтеу;
• басқа адамның ар-намысын қадірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу;
• өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу; мектеп оқушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тиым салынады.
6. Үлкенге құрмет, кішіге ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.
























Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив