«Bala business» ойын сағаты
Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы
Өтілу орны: ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ
Тақырып: «Bala business» ойын сағаты
Қатысушылар: 2- сынып оқушылары
Өткізушілер: Қадырбекова Е. Қырықбаева Р
Өтілу күні: 07.11.2023 жыл
Қаржылық сауаттылықты көтерудің әліппесі баладан басталады. Төл теңгенің туған күніне орай кітапхана қызметкерлері 2- сынып оқушыларына арнап балалардың болашақта өз қаражатын тиімді басқарып, орынды жұмсауына үйрету мақсатында «Bala business» атты ойын сағатын ұйымдастырды.
Шара барысында тапқыр балақайлар есеп шығару қабілеттерін шыңдап, «Жылдам есепте!», «Қанша алма?», «Логика & Спорт» ойындарын ойнап өзара бақ сынасты.
Ұлттық валютамыз жайлы мол мәліметтермен танысқан қатысушылар, «Миллион» дүкенінен сауда жасап, ақшаны үнемді жұмсаудың жолын да үйренді.
Шара соңында зейіндерін сәулелендіріп, денелерін шынықтырған оқушылар сергіту сәтінің бой сергіту қимылдарын да бірге жасап, көңілді тарқасты.



