18
қаңтар
2022
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30жылдық мерекесі мен «Құмаш Нұрғалиев атындағы №43 мектеп –лицейінің» 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жасампаздыққа толы жылдар» атты жалпы білім беретін мектептердің 3-4 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткен көркем сөз байқауында ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ 3 сынып оқушысы Ержақып Айзере 2 орын алғаны үшін грамотамен мадақталды. Мұғалімі Б.Қ.Торгаева . 4 сынып оқушысы Мазан Еркебұлан қатысқаны үшін сертификатқа ие болды. Мұғалімі Е.Ж.Сандыбаева