05
мамыр
2021
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
ШҚО білім басқармсы
Өскемен қаласы бойынша
білім беру бөлімі
«Заки Ахметов атындағы
№16 орта мектебі» КММ
мектеп кітапханашысы
Л.Т.Сембинова
«Даланың дара ұстазы»14.04 .2021жылы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында балалар әдебиетінің атасы
Ы. Алтынсариннің 180 жасқа толуына байланысты «Даланың дара ұстазы» атты тәлімі мол шара қалалық мектепаралық кітапханалар арасында танымдық сабақ түрінде өткізілді.
Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» кітабы бойынша оқушылар мен кітапханашыларға тапсырма беріліп, шығармалары талданып, тәрбиелік мәні ашылып, өлеңдері оқылды.
Іс- шара соңында қорытынды жасалып, белсене қатысқан оқушыларға алғыс хат тапсырылды.
Танымдық сабақ № 44 лицей кітапханасында өтті.
Осы шараға белсене қатысқан мектебіміздің 7- «В» сынып оқушысы Қалиасқарова Аяулым алғыс хатпен марапатталды.
