«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Мәңгілік ел жастары қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік –тәңір сыйы» атты мектеп оқушыларына арналған республикалық үлкен байқауына 8- «А» сынып оқушысы Болатханова Ақерке, 5- «Б» сынып оқушылары Ундаганова Ақерке, Азаматқызы Аружан, Қажыкенова Мөлдір қатысып, жүлделі 1-2 орындарды иеленді. Оқушылардың жұмыстары республикалық 2 томдық эссе жинағына кіріп, жарық көрді. Оқушыларымыз Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары, ақын Бақыт Беделханның қолынан марапат қағаздарын алды. Байқауға шәкірт дайындап, жоғары нәтиже көрсеткені үшін жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Ж.С.Байзолдинаға Ы. Алтынсариннің 180 жылдық мерекелік арнайы төсбелгісі мен алғыс хат табысталды.



