«Күй ғұмыр» музыкалық сағат
Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы
Өтілу орны: ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ
Тақырып: «Күй ғұмыр» музыкалық сағат
Қатысушылар: 8- сынып оқушылары
Өткізушілер: Букужукова Н. Қырықбаева Р
Өтілу күні:17 .01.2024 жыл
Материалдық емес мәдени мұраларымызды өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында кітапхана қызметкерлері 8- сынып оқушыларына «Күй ғұмыр» атты тақырыптық кеш ұйымдастырды. Кеш барысында күйдің шығу тарихы туралы ақпараттар беріліп, әр дәуірде дүниеге келген дарынды ұлы күйшілер мен қазіргі заманауи күйшілер таныстырылды. Сондай-ақ қатысушылар жазушылар, ақындар, суретшілер болып топқа бөлініп «Адасқан ноталар» «Домбыры үні» «Аспапты тап» ойындарын ойнап, түрлі қызыққа кенелді.
Аталмыш шарада аңыз оқиғалар баяндалып, «Қорқыт күйі», «Асан қайғы», «Ақсақ құлан», «Нар идірген», «Аңшының зары» күйлерінің тарихы сонымен қатар шертпе күй мен төкпе күйдің айырмашылығы жайлы бейнеролик көрсетілді. Шара соңында берілген ақпараттар «wordwall» ойыны арқылы қорытындыланды. Оқушылардың танымды іс-шарадан алған әсерлері ерекше болды.



