29
наурыз
2021
«Мектепке кітап сыйлау күні»
ШҚО білім басқармсы
Өскемен қаласы бойынша
білім беру бөлімі
«Заки Ахметов атындағы
№16 орта мектебі» КММ
мектеп кітапханашысы
Л.Т.Сембинова
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында электронды дәуірдегі дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөліне тоқталып, мектеп кітапханаларының кітап қорын жаңалап толықтырудың аса маңызды міндет екендігін атап өтті.
Президент өз сөзінде «Қазіргі бұл кітапханалардың қоры ескірген әрі жұтаң. Әсіресе көркем туындылар мен тартымды әдебиеттер тапшы.Қазақ тіліндегі тиісті әдебиеттер өте аз немесе мүлде жоқ.Оқушылардың әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларына қолы жете бермейді.Оқу мәдениетін арттыру мәселесін кешенді түрде шешу үшін тілдік пәндер мен әдебиеттің оқу бағдарламалрын қайта қарау керек» деп Білім және ғылым министрлігіне осы мәселелермен мұқият айналысуды және нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды. Осы орайда Білім және ғылым министрлігі ұлттық кітапхана мамандарымен бірлесе отырып «Оқуға құштар мектеп» жобасын ұсынды.
Мектеп кітапханасы тарапынан жоба мақсаты туралы мектеп ұжымына, оқушылар мен ата-аналарға таныстырылды. Жоба аясында мектеп кітапханасында «Мектепке кітап сыйлау күні» аталып өтілді.
Жобаны барлық сынып оқушылар,ата-аналары мен мектеп мұғалімдері қолдап, ат салысты.
Кітапханаға алғашқы болып «Астраномия» энциклопедиялық кітабын сыйлаған 6-«А» сынып жетекшісі, музыка пәні мұғалімі Ш.А.Сағындықова. 8- «А» сынып оқушылары да белсенділік танытып, сынып жетекшісі Г.Т.Альхановамен бірге кітапханаға кітаптар сыйлады.
Шара барысында 10-«М» сыныбы ата –аналары атынан Идиришева Дариға кітапханаға біршеше көркем әдебиет кітаптарын тарту етті.
Сонымен қатар, жобаға бастауыш сынып жетекшілері Н.Ж.Тоқпаева, Г.О.Тургунбаева, Г.М.Машаева,Ә.Ш.Баталова, Г.А.Райсовалар өз үлестерін қосып, мектеп кітапханасын көркем әдебиет кітаптарымен толықтырды.
Шара нәтижесінде кітапхана қоры 35 кітапқа толықты. Кітаптардың ішінде балалар әдебиеті, энциклопедиялар да бар.
«Жыл кітабы -2021» таңдалған 30 кітап тізімінен Ж.Нәжімеденовтың «Менің Қазақстаным», С.Ақсұңқардың «Көкейімде Күлтегіннің жазуы» атты кітаптары сыйланды.
Сыйға алынған кітаптардан «Балаларға базарлық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Кітап сыйлау мерекелік бір күн і «14 ақпан халықаралық кітап сыйлау күніне» ұласып, жыл көлемінде де жалғасын табады.

