22
қыркүйек
2021
ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ
5 қыркүйек тілдер мерекесіне орай Алаш зиялыларының көсемі, тұңғыш қазақ тілтанушы ғалымы, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Ахмет Байтұрсынұлы - ұлттың ұлы ұстазы» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әдебиетіндегі орнын, оның ағартушылық және мұғалімдік қызметі туралы баяндалып, мақалаларына талдау жасалды.Оқушыларға ұлы тұлғаның ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету, Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге баулуға байланысты мәліметтер берілді. Оқушылар белсенділігі жоғары.
