Абай атаға хат
Абай атаға хат
Құрметті Абай ата!
Мен ес білгелі сіздің өлеңдеріңіз бен әндеріңізді тыңдап , өсіп келемін. Сіздің әр айтқан сөзіңіз – ақыл, тәрбиелік мәні де ұшан – теңіз.
Халқымыз биыл сіздің 175 жылдық мерейтойыңызды тойлап жатыр. Өйткені сіздің еңбектеріңіз кеңінен насихатталуда. Бұл әр адам үшін өте пайдалы. Сізге көп рақмет!
Хат иесі: 2 «Д» сынып оқушысы Асқаров Нурали.
Абай атаға хат
Құрметті Абай ата!
Қаншама жылдар өтсе де, сіздің еңбектеріңіз ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келеді. Өйткені әр сөзіңіздің біздерге берері көп. Оқыған сайын жақсылыққа ұмтыламыз. Біз сіздің 175 жылдық мерейтойыңызды тойлап жатырмыз. Сіз арқылы қазақ елін әлем таниды. Демек, бұл - әлемдік мереке.
Хат иесі: 2 «Д» сынып оқушысы Асқаров Алинур
Абай атаға хат
Құрметті Абай ата!
Мен сіз туралы ұстазымнан тыңдап, әртүрлі кітаптардан оқып, мәлімет білдім. Сіздің жыл мезгілдеріне байланысты жазған өлеңдеріңіз ұнайды. Әсіресе «Қыс» өлеңі.
Биыл қазақ елі сіздің 175 жылдық мерейтойыңызды атап өтіп жатыр. Соған байланысты біздің мектебімізде әр түрлі іс – шаралар өтіп жатыр. Мен де сіз сияқты әлемге танымал болғым келеді. Мен сіздің маған деген сеніміңізді ақтаймын.
Хат иесі: 2 «Д» сынып оқушысы Ермекова Амина.
Абай атаға хат
Құрметті Абай ата!
Мен сіз туралы ата – анамнан, ұстазымнан тыңдап, әртүрлі кітаптардан оқып таныдым. Сіздің өлеңдеріңізден, қара сөздеріңізден қаншама өмірге тәрбиелейтін ақыл, тәрбие беретінін түсіндім.
Биыл сіздің 175 жылдық мерейтойыңызды бүкіл еліміздің барлық жерінде атап, әртүрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр. Сыныбымызда барлық оқушылар сіздің барлық өлеңдеріңізді жатқа біледі. Мен әсіресе «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» өлеңдеріңізді сүйіп тыңдаймын. Менің елімде сіздей адам болғанына мақтанамын. Мен сізді үлгі тұтамын.
Хат иесі: 2 «Ә» сынып оқушысы Мамырбекова Айзере