13
ақпан
2020
3-"Б" сыныбы
3 «Б» сыныбында «Абай-дана, Абай- дара қазақта» атты тақырыпта Абай атаның 175 жылдығына байланысты өткізілген тәрбие сағаты
Мақсаты:
- Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.
Сарамтама: Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың өмір баяны мен шығармалары таныстырылды. Ақынның өлеңдерін жатқа оқудан жарыс ұйымдастырылып, жеңген оқушы мақтау қағазымен марапатталды.Оқушылар сонымен қатар Абай атаның қара сөздерімен танысып, қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алды. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы екенін түсінді.
Сынып жетекші: Балгазина Н.Ы


