ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ
Күні: 16.09.2021ж
Сынып: 9 - сыныптар
Жауапты мұғалімдер: Құсанова Б.Қ, Қанапиянова Н.М
Сабақтың тақырыбы:«Жыр дүлділі – Жамбыл»
Өткізілу формасы: Онлайн форматта
Мақсаты:Жыр алыбы -Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, ізгілікке баулу.
Қазақстан халқы тілдер күніне арналған «Тілдер шеруі» айлығының мектепішілік жұмыс жоспарына сай 16 қыркүйек күні 9 - сынып оқушыларына «Жыр дүлділі – Жамбыл» тақырыбында онлайн форматта сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты мағлұмат берілді. Сабақ соңында оқушылар сабақтан көп мәлімет алғандарын айтып, жағымды әсерлерімен бөлісті.