Екі түлек ШҚТУ ректорының грантын жеңіп алды » Өскемен қаласы әкімдігінің "Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 60-89-15
Есепші бөлімі:
+7(7232) 60-88-54
Кезекші бөлімі:
+7(7232) 75-19-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
сәуір
2022

Екі түлек ШҚТУ ректорының грантын жеңіп алды

Бүгін «Жас ТАЛАП-KZ» көшбасшы» оқушылар байқауының жеңімпаздары белгілі болды. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті жыл сайын олимпиада өткізеді. Білім додасында оза шапқандар ШҚТУ ректорының атаулы грантына ие болады.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды: іріктеу кезеңінде оқушылар ШҚТУ-дың www.ektu.kz ресми сайтындағы «Талапкер 2022» бөлімінде пәндер бойынша Online тестілеуден өтті, бүгін университет базасында өткен екінші турға қатысты. Қатысушылар – ШҚО орта мектептерінің 9,10,11 сынып оқушылары. Байқау жеңімпаздары төрт пән бойынша анықталды: «Математика», «Физика», «География», «Бейнелеу өнері және сызу».

«География» пәні бойынша III орындарды №45 орта бейіндік мектептің 9 сынып оқушысы Ерасыл Төлеубек пен Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейдің 11 сынып оқушысы Кәмила Қадылбекова жеңіп алды. «Математика» пәні бойынша III орынды Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейдің 11 сынып оқушысы Расул Нұрый иеленді. «Физика» пәні бойынша Риддер қаласының №1 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушылары Абылай Сләмжанов пен Маргарита Ударцева жоғары нәтиже көрсетті. Айтпақшы, Маргарита ректордың атаулы грантын жеңіп алды. «Бейнелеу өнері және сызу» бойынша III орын Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейдің 11 сынып оқушысы Дильназ Ахмади, II орын Белоусовка №1 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Диляра Әшимовға берілді. Ал бірінші орын және ректор гранты Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Маржан Мейірбековаға бұйырды.

Екінші және үшінші орындарға ие болған қатысушылар Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен IT-колледжде оқудың бірінші жылында 25-тен 50% - ға дейін жеңілдіктер алды.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және біздің университетте күтеміз!



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив