«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында » Өскемен қаласы әкімдігінің "Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 60-89-15
Есепші бөлімі:
+7(7232) 60-88-54
Кезекші бөлімі:
+7(7232) 75-19-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
қыркүйек
2022

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында

Республикалық «Кітап Time-2022» кітап фестивалі аясында облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында  «Өнерім мен өмірім егіз менің» тақырыбында ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Заки Ахметов атындапғы №16 орта мектебі» КММ 10- сынып оқушыларымен  сырлы сұхбат өтті. 
Шараға  «Жұлдыз» өнер мектебінің көркем сөз сыныбының мұғалімі Қуаныш Еркінұлы шәкірті Зейін Аймұратқызымен және көркем сурет бөлімінің мұғалімі Светлана Николаевна халықаралық, республикалық сайыстарда биіктерден көрініп жүрген бір топ шәкірттерімен қатысты.
Кездесу барысында кеш меймандары өнер мен шығармашылық турасында жолданған бірқатар сауалдарға жауап беріп, сөз бен сурет өнерінің қыр-сырлары мен ұқсастықтары жайлы әңгіме өрбітті.
Жылы жүздесуде   Қуаныш Еркінұлы залдағы оқырмандардың айтқан әрбір сөздерінен өлең шумақтарын құраса, оқушысы Зейін Аймұратқызы ұстазының  өлеңін мәнерлеп оқып, көпшілікті өнерімен тәнті етті.
Сондай-ақ жас суретшілер кешке қатысушы оқырмандардың портретін сол мезетте салып, өздеріне сыйға тартты.
Шеберлік сағатын көрсету арқылы сурет салудың тиімді әдістерімен бөлісті.
Әсерлі кеш   барысында сөз бен сурет өнерінің таланттылары көрермендермен бірге  қызықты ойын ойнап, естелік суретке түсті.








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив