12
ақпан
2020
Абай туралы пікірлер
Хакім Абай Құнанбайұлы туралы айтылған даналық ой пікірлер өте көп. Солардың біразын назарларыңызға ұсынмыз.

Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы. Зәки Ахметов
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе,
Адалдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Орыстар үшін - Пушкин, ағылшындар үшін - Шекспир, грузиндер үшін - Руставели... қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс.
Қ. Кулиев
Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш - Абай сөзі, Абай аты боларға керек...Ең жоғары, ардақты орын - Абайдікі.
Міржақып Дулатов
Міржақып Дулатов