"Озаттар шеруі - 2019" салтанатты жиыны
Мектебімізде 18 мамыр күні салтанатты түрде озат оқушыларды марапаттау шеруі болды. «Озаттар шеруі – 2019» атты салтанатты жиынға мектеп ұстаздары, ата-аналар, оқушылар қатысты. "Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" дегендей оқушылардың жүзден аса жүлделі орындарына қарай отырып, ұстаздардың да біліктіліктерінің өте жоғары деңгейде екендігі байқалды.Тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары көп болады деген сенімдеміз.